EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 63

Ïåäàãîãèêà ¹ 6( 13) 2016
КОМЕКОВА АРАЙ ТОЛЕГЕНҚЫЗЫ
ШҚО, Аягөз ауданы, " Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектебі " КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 7 сыныбында қазақ тілі пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока по казахскому языку в 7 классе средней школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work represents the example of a Kazakh language lesson for 7-form pupils of secondary school. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.

ОРТА МЕКТЕПТІҢ 7 СЫНЫБЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігі Сабақтың мақсаты: Өздік есімдігін ұғады, түрленуін түсінеді, өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйренеді, тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиеленеді. Сабақтың көрнекілігі Проектор, слайд, кеспелер Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтері, сұрақ-жауап, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі А) Психологиялық дайындық( шаттық шеңберіне шақыру) Мейірімді жүрекпен,( жүректерін ұстайды); Ақ пейілді тілекпен,( қолдарын көкке көтереді); Амандасып алайық, " бір-бірінің қолдарын ұстайды); Бір жадырап қалайық.);( Бір-біріне қарап күлімдейді); Еңбек етіп ерінбей, Жақсы баға алайық!( Бас бармақтарын көрсетеді)
« Мен нағыз қазақпын » дейтін патриот, ұлтжанды оқушы қандай болуы керек?
Өз ұлтын сүйетін азамат болу; Осы сабақта белсенділік көрсетеміз
Егемен елдің ертең-біздер;
Қайда жүрсек те туған тілді қадірлейтін;
Бәріміз уақытты бос өткізбеу
Әрқашан « Жасұлан » деген атқа лайық болу
Блоб ағашын тарату. " Өзін-өзі бағалау " ескертіледі. I кезең " Қайталау-оқыту анасы!" Бүкіл сыныпқа 1. Қазақ тіл білімінің салаларын ата 2. Лексика нені зерттейді? 3. Фонетика нені зерттейді? 4. Морфология нені зерттейді 5. Сөз құрамына нелер кіреді? 6. Түбір сөз дегеніміз не?
7. Қосымша дегеніміз не? 8. Қосымша нешеге бөлінеді? 9. Жұрнақ деген не, түрі нешеу? 10. Жалғау деген не, нешеге бөлінеді? 11. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 12. Зат есім дегеніміз не? 13. Сын есім дегеніміз не? 14. Сан есім дегеніміз не? 15. Қазіргі кезде өтіп жатқан сөз табы?
61