ХИМИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
¹ 6( 13) 2016
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 8 сыныбында химия пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока по химии в 8 классе средней школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
ЖЫЛЫБАЕВА ГУЛЬЖАЙНА СЕЙСЕНБЕКОВНА
Аягөз қалалық мектеплицейінің химия пәні мұғалімі
This methodological work represents the example of a chemistry lesson for 8-form pupils of secondary school. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.
ХИМИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы Бейорганикалық заттар арасындағы генетикалық байланыс
Сабақ негізделген оқу мақсаты( мақсаттары)
Сабақ мақсаттары:
Бейорганикалық заттар арасындағы генетикалық байланысты анықтауды үйрене отырып, реакцияны теңестіру кабілеттері дамиды
Барлық оқушылар 1. Бейорганикалық заттарды бір-бірінен ажырата алады. 2. БҚ арасындағы химиялық қасиеттерді сипаттайтын теңдеулерді жаза алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Бейорганикалык заттар арасындағы химиялық теңдеулерді теңестіре алады
Кейбір оқушылар: Реакция теңдеулерін есептеуде қолдана алады
Тілдік мақсат Оқушылар: Ойлау, есте сақтау, өмірде қолдану қабілеттері дамиды
Алдыңғы оқу
Негізгі сөздер мен тіркестер: Оксид, негіз, тұз, қышқыл, байланыс екідайлылық, қышқылдық оксид, негіздік оксид, тұз түрлері, оттекті, оттексіз
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
Талқылауға арналған тапсырмалар Оксид, негіз, тұз, қышқыл айырмашылықтары Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? Тақырыппен байланыстырып мәтінмен жұмыс жасайды
Жазылым бойынша ұсыныстар: жаңа химиялық терминдер мағынасын ашып, есептеулер жүргізеді
Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың қасиеттеріне шолу № 7лабораториялық тәжірибе
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар( төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту:- ұйымдастыру- үй тапсырмасын тексеру;-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;- белсенді әрекетке
Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге. Топқа бөлу " Жемістер салаты " әдісі арқылы топқа бөлуде банан, алма, өрік, ананас деп әрбір 1- 4 оқушыга айтылады
Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.
Әрбір оқушы оз жемістерінің түріне қарай бөлініп топтасады
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар жазылған тапсырманы әр оқушы жеке орындап болған соң, экрандағы жауаппен бірін
54