EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 94

¹ 5( 12) 2016 Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
ҚҰДАЙБЕРГЕН ГҮЛІМ ТӨЛЕУТАЙҚЫЗЫ
ТЕМЕРХАНОВА АЙГЕРІМ МАРАТХАНҚЫЗЫ
бастауыш сынып мұғалімдері
НУГЫМАРОВА ГУЛМИРА РАХИМЖАНОВНА
Мақала оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру мәселелеріне арналған. Авторлар орыс тілі сабағында орындалатын жаттығулар мен ойын технологияларын мысалға келтіре отырып, оқушыларда танымдық іс-әрекетке деген қызығушылық оятудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Мақала мектеп ұстаздары мен әдіскерлерге, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттердің назарына ұсынылады.
Статья посвящена вопросам мотивирования учащихся к познавательной деятельности. На примере упражнений и игровых технологий авторы показывают эффективные методы стимулирования учащихся к познавательной деятельности на уроках русского языка. Статья будет интересна учителям и методистам школ и колледжей, а также студентам педагогических специальностей.
An article is devoted to questions of pupils ' motivation to cognitive activity. An authorы show effective methods of promoting pupils to cognitive activity on the lessons of the Russian language on the example of exercises and game technologies. The article will be interesting for teachers and methodologists of schools and colleges, and for students of pedagogical specialties as well.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға баулуда олардың өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше. Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
" Оқушылардың таным белсенділігі дегеніміз оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгерту және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті ". Мамандар оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізіне, екі түрлі сипатта болатынын айтады. Олар сыртқы және ішкі белсенділік деп бөледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды. Олар: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, өзін-өзі тәрбиелеу т. б. белсенділіктер. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:- Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;- Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;- Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың өз еркімен және қалауымен істеуі;- Оған әсер ететін мотивтер т. б. Оқушылардың өзіндік жұмыстары міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты Р. Лемберг, М. Скаткин, В. Занков сияқты педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Алдыңғы қатарлы мектептердің іс-тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға баулу үшін ұйымдастырылған өздік жұмыстарының сан алуан түрлері бар екенін көреміз. Мысалы, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы; графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық жұмыстарын өткізуі, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер,
92