EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 125

¹ 5 ( 12 ) 2016
Қ Ұ Р М Е Т Т І Ә Р І П Т Е С Т Е Р !
" ERUDIT " білім беру-ғылыми орталығы ғалымдар мен педагогтерден " Еуразия білімі . Eurasian education . Евразийское образование " халықаралық ғылыми-әдістемелік журналына ( Қазақстан Республикасының инвестициялар мен экономикалық даму министрлігі берген мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы № 14770-Ж куәлігі ) жариялауға жұмыстар қабылдауды жалғастырады .
Мерзімді баспасөз басылымы айына бір рет қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді . Журнал жарияланымдарының тақырыптық бағыттары - ғылыми-әдістемелік , педагогикалық , ақпараттық-жарнамалық ( білім беру мекемелері үшін ). Журналдың таралу аймағы - Қазақстан Республикасы , ТМД елдері , таяу және алыс шет елдері .
Журналға Қазақстан , Евразиялық экономикалық қауымдастық елдері , ТМД , Грузия , Украина , Түркия , Қытай және Евроодақ елдері ғалымдарының , ізденушілердің , докторанттардың , магистранттардың , мұғалімдер мен оқытушылардың , әдіскерлердің , білім беру ұйымдарының жетекшілері мен қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері , мақалалары , сабақ жоспарлары , ғылыми жобалары және басқа да ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланады .
Журналға жариялауға келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу еңбектері , очерктер мен әдістемелік жұмыстар , сабақ жоспарлары қабылданады : Жаратылыстану ғылымдары ; Гуманитарлық ғылымдар ; Әлеуметтік ғылымдар ; Техникалық ғылымдар ; Экономикалық ғылымдар ; Педагогикалық ғылымдар ; Білім беру мәселелері .
Бір автордан журналдың бір санына екі жұмыстан артық қабылданбайды . Ұжымдық авторлықта жазылған жұмыстар жеке жұмыстармен қатар қабылданады . Бір жұмыстың авторларының саны 5-тен аспауы тиіс .
ЖУРНАЛДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР :
Жұмыс мәтіні 2 беттен кем болмауы тиіс және 10 ( он ) беттен аспауы керек , жол арасы 1,0 интервалымен Microsoft Word редакторында , жиектері - сол жағынан 3 см , жоғары және төменгі жағынан 2 см , оң жағынан 1,5 см болатын А4 форматындағы стандартты бетте Times New Roman қарпімен 14-ші шрифтпен терілуі керек , жұмыстың әрбір абзацы жаңа жолдан 1 см шегініспен жазылады . Жол ортасынан автор ( лар ) -дың тегі , аты-жөні ( толығымен ) қою шрифтпен жазылады . Келесі жолға автордың жұмыс ( оқу ) орнының толық атауы мен лауазымы , ғылыми атақдәрежесі жазылады . Бұдан соң жол ортасынан мақала тақырыбы қою шрифтпен жазылады . Бір интервалдан кейін жаңа жолдан мақала мәтіні жазылады , пайдаланылған әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілген тәртібіне сәйкес , мақаланың соңында жазылады . Мәтінде сілтеме берілген әдебиеттер тік жақшаның ішінде , әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес көрсетіледі . Дәйектеме ( цитата ) қолданылған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның беті көрсетіледі ( мысалы , [ 1 , 256 ]). Барлық суреттер , таблицалар , диаграммалар , формулалар мен басқа да көрнекілік суреттемелер компьютерлік редакторларда жасалып , мақалада сілтеме берілген ретпен көрсетілуі тиіс . Егер мақала қазақ , орыс және ағылшын тілдерінен бөлек , басқа тілде жазылған жағдайда , мақалаға ағылшын не қазақ ( орыс ) тілінде жазылған қысқаша аннотация берілуі керек .
Редакция алқасы жинақтың тақырыбына сәйкес келмейтін , жоғарыда көрсетілген ережелерге сай емес және мазмұны жағынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін материалдарды қабылдамауға құқылы .
Журналға енетін ғылыми-әдістемелік жұмыстар электронды нұсқада , автордың байланыс телефондарын көрсете отырып , eruditgroup @ gmail . com электронды поштасына жіберіледі .
Жұмыспен бірге авторлар өздерінің электронды нұсқадағы фотосуреттерін жіберуі керек ( JPEG форматындағы сканерден өткізілген фотосурет көшірмелері де қабылданады ). Фотосурет 5х6 форматындағы портреттік фото түрінде түсірілуі керек , егер мақала авторлары 3 ( үш ) не одан көп адам болса , біртекті ашық фонда түсірілген бір ұжымдық фотосурет қабылданады . Сапасы төмен немесе автордың бет-әлпеті көрінбейтін фотосуреттер қабылданбайды . Журнал санына жұмысы жарияланған әрбір авторға редакция алқасы жұмысының жарияланғандығы туралы сертификат береді .
Журналға мақала жариялау жөніндегі барлық сұрақтар бойынша " ERUDIT " білім беру-ғылыми орталығына келесі телефон номерлері бойынша хабарласа аласыздар :
8 ( 7222 ) 56-25-25 , + 77076594160 ( Азамат Азатов ), + 77778543577 ( Арафат Мамырбеков ) e-mail : eruditgroup @ gmail . com Редакцияның мекенжайы : 071400 Семей қаласы , Уранхаев көшесі , 45 / 3
123