EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 122

¹ 5( 12) 2016
Àòà-àíàëàðäûí ëåá ³ çäåð ³
Менің балам Жағалова Гүльнара Семей қаласындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің 9 " В " сынып оқушысы. Денсаулығына байланысты жеке үйден оқытылады. 7 сыныптан бері мектеп ұстаздары мемлекеттік білім беру бағдарламалары негізінде оқытып, қатарынан қалдырмай, даму деңгейін үнемі қадағалауда. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, алгебра, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінен пән мұғалімдері Тулеубаева К. М, Сатбаева А. А, Абдрахманова Жанат, Капасова Г. Р, Мақсұтова А, Смагулова А. М., Тультаев баламмен дайындалып, сабақты дұрыс меңгеруін қадағалады. Сонымен қоса мектеп ұстаздары баламның дамуы үшін қосымша ізденіс ретінде қала деңгейіндегі пән сайыстарына да дайындады.
Осы мектептің химия- биология пәні мұғалімі Сатбаева А. А. жетекшілігімен " Балалар бастауы-2016 " балалар әлеуметтік жобасы сайысына қатыстырды. Сайыстың облыстық кезеңінде III орын алғаны үшін Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық " Дарын " орталығы атынан марапатталып, сертификат берілді. Бұл сайысқа әр аймақтан, әр жастағы балалар қатысты.
Ізденіс пен қызығушылықтың арқасында келешек өмір жағдайы, әсіресе экономикалық, экологиялық жағдай бей-жай қалдырмай, осы өзекті мәселе ой салудың арқасында осы жоба қолға алынып, теориялық- практикалық түрде терең қарастырылып, қорғап келді.
Баламның білім алуына мектеп басшысы Ахметкалиев Н. Н. пен директордың оқу ісі меңгерушісі Курмашева А. А. және мектеп ұстаздарына ата-анасы ретінде алғысымызды айтамын.
Жағалова Гульнараның анасы: Ақтаева Балжан.
Мектеп-алтын ұя, жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатар, ұрпақ тәрбиесіне- адамның адам болып қалыптасуындағы қасиетті ұғым болса, сол қасиетті шаңырақты бақанмен көтеріп, уығын керегеге байлап, мектептің мәртебесін айшықтайтын ұстаздар. Білім бастауының қайнар көзін ашқан, шәкірттер үшін олар ең ардақты адам. Ұжым ұстаздары- өте білімді, білімі біліктілігіне сай, ұйымшыл. Айрандай ұйыған ұжымға, жас та болса бас болып отырған мектеп мүдірі- Нұржан Нигметоллаевичпен Ахметқалиев. " Жас келсе- іске "-деп қазақ атамыз айтқандай, осы азамат келгелі мектеп тынысы ерекше жаңарып, жаңғыра бастады. Білім сапасына да ерекше көңіл бөлінуде. Орда бұзар жас азаматтың жұмысқа қабілеттілігі, әділдігі мен біліктілігі көңілімізді қуантады.
Мектеп ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар оқу кабинеттері қайта жабдықталды, сондай-ақ, аз қамтылған отбасында тәрбиеленушілердің жылына бір реттік киіммен қамтамасыз етілуіне және оқушылардың тегін тамақтануына ерекше мән беруде.
Мектеп айналасын көгалдандыру жұмысы да тың қарқынмен жүруде. Биылғы мектеп қабырғасын аттаған 1-сынып ата-аналары бастамасымен мектеп ауласына ағаштар егіліп, күтіп-баптау жұмысын балаларымызбен бірге атқарудамыз. Бұл шара балаларымызды алтын- ұя мектептерін құрметтеуге баулыса, екінші жағынан еңбекті сүюге кіші жастан бейімдейді. Келесі оқу жылында мектебіміздің 40 жылдық мерейтойы аталып өтпекші. Аяулы мектеп ұжымына білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында шығармашылық ізденіс, толағай табыс, саналы ғұмыр тілей келе, алар асу, шығар шыңдарыңыз биік болғай деген тілек білдіремін!
1 сынып ата-анасы: Өтеуова Лунара Бекболатқызы
Менің қызым, Әсемжанова Әсем № 3 жалпы орта білім беретін мектеп- кешеніне 2006 жылы 1-сыныпқа қабылданып, бүгінгі күні- 10 " А " сыныптың үздік оқушыларының қатарында, болашақ " Алтын белгі " иегері. Қызымның 10 жыл оқуы көзді ашып- жұмғанша өте шықты. Осы уақыт ішінде қызымызды дәл осы мектепке бергенімізге еш өкінген емеспіз. Біздің қызымыз үшін мектеп шынымен екінші үйіне айналды.
Мектепте оқушылардың білім мен тәрбие алуына, заман талабына сай барлық жағдай жасалған. Мектеп директоры Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевичпен, ұстаздармен кездескен кезде, олардың балаларға және ата-аналарға деген жылы қарым-қатынасы анық көрініп тұрады. Оқушылар ұстаздарының арқасында мектеп өмірінде болып жатқан барлық іс-шараларға белсенділік танытып, әртүрлі тақырыптық және әдеби кештерге, ғылыми жобаларға, сынып сағаттарына, мерекелерге, іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысады. Нәтижесінде биылғы оқу жылында қызым география пәнінен " Семей өңіріндегі рекреациялық туризмнің проблемалары мен келешегі " деген тақырыпта пән мұғалімі Кенжебаева Жанна Оңгарбековнамен қала және облыс деңгейінде ғылыми жоба қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Мектепте балалар үлкендерді сыйлауға, Отанды құрметтеуге, туған-туысқандарын сүюге, достықты бағалай білуге тәрбиеленуде. Мектеп ұстаздары жеке уақытын аямай, барлық білімін, жан-дүниесін, мейірімін біздің балаларымызға береді. Балалар да ұстаздарына зор құрметпен қарап, өздерінің сырларымен бөліседі.
Қызымның сынып жетекшісі Хаджимова Мадина Серикбековнаға балаларға білім ғана беріп қоймай, өз пәніне деген махаббатын оятқаны үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мектептің барлық ұстаздарына, олардың кәсіпқойлықтары мен балаларға жасаған қамқорлықтарына алғыс айтамыз. Болашақта биіктердің шыңынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!
Әсемжанова Әсемнің анасы Смагулова Алия Оразғалиқызы
120