EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 108

¹ 5 ( 12 ) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте еңбек пәнінен өткізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген . Мақала орта мектеп ұстаздарына , әдіскерлерге , мұғалімдерге , студенттер мен магистранттарға арналады .
Данная методическая работа представляет собой пример провидения урока по предмету технология в средней школе . Разработка будет интересна учителям , методистам , а также студентам и магистрантам педагогических специальностей .
СОЛТАНАЕВ НҰРСҰЛТАН ШАЙХСЛЯМОВИЧ
технология пәні мұғалімі
This methodological work is an example of the providence of the lesson on the subject of technology in secondary school . The article will be of interest to teachers , instructors , students and undergraduates of pedagogical specialties .

АҒАШТАН КҮРЕК ЖАСАУ

Сабақтың мақсаты : Бүгінгі күннің қажеттілігі -кәсіпкерлікке , іскерлікке үйрету , оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып , бұйымды өтімді , тартымды жасауға үйрету Сабақтың міндеттері : Білімділігі : Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу , қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту .
Дамытушылығы : Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру , ой- қиялын дамыту . Тәрбиелігі : Оқушылардың эстетикалық талғамдарын , танымдық деңгейлерін көтеру . Сабақтың түрі : Аралас сабақ , сарамандық жұмыс . Сабақта қолданылатын әдістер : Жұптасып және топпен жұмыс . Сызу , түсіндіру , салу , көрсету , таныстыру , сұрақжауап , проблемалық . Сабақтың көрнекілігі : Күрек жасаудың технологиялық картасы , дайын бұйымдар , дайындамалар , интерактивті тақта . Сабақтың барысы : 1 . Ұйымдастыру кезеңі . Оқушыларды түгендеу , жұмыс орнын даярлау , 2 . Жаңа сабақ . Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын . 1 . Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі ?( от жағу , қар күреу ...) 2 . Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме ? 3 . Қар күреу үшін не керек ? ( қар күрейтін күрек ) 4 . Күректі қайдан аласыңдар ? ( магазиннен , базардан ...) 5 . Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме ? 6 . Күректер қанша тұрады ? ( 1000- 1500теңге ) Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай , жеңіл , қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз . Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес , мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті . Бұйымның қызметі : ауланы қардан тазалау . Қажет материалдар : ағаш , шебік ( фанера ), қаңылтыр , бұрама шегелер . Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек . ( интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады )
Қауіпсіз жасалатын
Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек
Жасалуы қарапайым
Тез табылатын қымбат емес материалдардан
Ағаш күрек Әдемі дизайн
Экономикалық шығын көп емес
Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті
Еңбек шығыны да көп емес
Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген . Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады . Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды .
106