EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 107

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
тудыратын қуатты түрткі "- деген.
21 ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектердің жауапкершілігі жоғары, парсатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынаан ойлауды дамыта оқыту жүйесі қолға алу.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету. Сабақ 3 сатыдан тұрады: 1. Қызығушылықты ояту. 2. Мағнаны тану. 3. Ой толғаныс кезеңі. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы нені біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін " Ойлану ", " Жұпта талқылау ", Болжау ", " Әлемді шарлау " т. б. деген атаулы әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты- үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділілікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші " Мағнаны тану " кезеңінде жаңа ақпаратпен танысады. тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасап көмектесетін басқа стратегиялар бар. Мысалы, INSERT- оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанда есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңілжелпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағнаны түсінуде IN- SERT-ті қолдану аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпір құрастыруға, яғни байланыс құрауға дағдыланады. Тақырып бойынша " Ой толғаныс " бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты
¹ 5( 12) 2016
шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған: " Бес жолды өлең ", " Венн көрсетуі ", " Еркін жазу ", " Екі түрлі түсініктеме күнделігі ", " Ойлану стратегиясы "", т. б. осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Мысалы, " Екі түрлі түсініктеме күнделігін " жүргізгенде мәтінді оқу барысында дәптердің оң бөлігіне мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына- сол еткен үзінділер жайлы пікір жазады( нені еске түсіреді, себеп-салдар қандай). Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде, қорытуға құрылған сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін: 1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? 2. Автор оқырманды қалай қызықтырды? 3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т. б. түрінде. Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтандырады.
Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу, үйрену ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт: 1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек. 2. Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашып айтуға рұқсат беру. 3. әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4. Үйрену барысындағы оқушылардың іс-әрекетін қолдау. 5. Кейбір оқушыларда кездескен қолайсыз жағдайларыд әжуаға айналдырмау.
6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Бұл ережелердің алдымен мәні түсіндіріліп, одан кейін қадағаланады.
Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемей отыратын балалардың ерекше өтетін сабақ барысында еркін сөйлеп, қызу араласа отырып, ойларын ашық жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызады.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Дьюи идеялары және біздің тәжірибелеріміз./ ред. басқ. С. Бахишева, С. Мирсеитова. Алматы-2005. 2. Мұханбетжанова Ә. Білімді интеграциялау негізінде оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру, Монография, Алматы-2000. 3. Мирсеитова С. Философия RWCT в дайствии. Алматы: Издатмаркет, 2004
105