EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 105

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí ¹5 (12) 2016 Осылайша теориялық, практикалық ақпаратты іздеуге мәжбүрлейді. Бұл әрекет проблеманың себебін анықтауға апаратын жол. Мысалы: Шығыс Қазақстан аймағындағы түрлі зерттеулердің нәтижесін көрсететін факторларға тоқталсақ: - Семей полигонында жер үстінде және жер астында 500-ден аса ядролық жарылыстар сынақтан өткен. Бұл жарылыстар күші Хиросимаға тасталған бомбаның жарылысынан 80 есе артық жерасты радиоактивті элементтері қазір жер асты суларымен жер бетіне шығып жатыр. - Өскемен-Зырян-Риддер қалаларында металлургия комбинаттары болғандықтан экологиясы шиеленіскен үшбұрышты құрайды. ШҚО-ның Өскемен, Зырян, Риддер қалалары, Глубокий кентіндегі топырақтың құрамында қорғасын, кадмий, мыс қалыпты мөлшерден ондаған есе көп. - Ертіс өзенінің бойында орналасқан ірі кәсіпорындардан суға жылына 70 т. ауыр металдар құйылады. Осы берілген мәліметтермен қатар интерактивті тақтада Семейдегі радиацияның кері әсері, Ертіс бойындағы қарағайлы орманның апаты, Өскемен қаласының экологиялық проблемасын айқындайтын бейнефильмдер, статистикалық мәліметтер көрсету арқылы оқушылар проблеманы анықтап, себеп-салдарын ашады. Оқушылардың өздік жұмыстары, не мұғалімнің ақпараты осылайша жинақталып, негізгі проблемалық сұрақтарға жауап беріледі. - Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері қандай? - Қышқыл жаңбырдың пайда болу себептерін түсіндіріңдер. - Семей маңындағы қарағайлы орманның жануынан туындайтын проблеманы жергілікті халық қалай сезінеді? "Қоршаған ортаға өнеркәсіптің әсері" сызба-нұсқа түрінде көрсетуге тапсырма беру арқылы әр оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз етуге болады. Сондай-ақ бұл жұмысты орындау арқылы оқушылар проблемалық ситуация тапсырмасына қорытынды шығарады. Проблеманың мәні, себеп-салдары анықталғаннан кейін проблеманы шешу жолдарын қарастыру осы технологияның негізгі кезеңі. Оқушыларға бұрыннан белгісіз фактіні ұсыну арқылы танымдық-ізденіс жұмысын ұйымдастыруға болады. Химия пәнінен өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіріп, п