EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 104

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí ¹5 (12) 2016 СЕМБАЕВА АЙГУЛЬ БЕЙСЕМБЕКОВНА КЕНЖЕБАЕВА ЖАННА ОНГАРБЕКОВНА АСЫЛҒОЖИНА АЙДАНА МАНАРБЕКОВНА география пәні мұғалімдері Мақалада география сабақтарында оқушыларды проблемалық оқыту мәселелеріне арналған. Авторлар проблемалық оқыту технологиясын оқушылардың өз бетімен орындайтын танымдық әрекетін дамытудың ең тиімді әдістемелерінің бірі ретінде баяндайды. Статья посвящена вопросам проблемного обучения на уроках географии в средней школе. Авторы статьи описывают технологию проблемного обучения как наиболее эффективную методику стимулирования самостоятельной познавательной деятельности учащихся. An article is devoted to questions of problem-based learning on geografy lessons in secondary school. Authors of the article describe a technology of problem-based learning as the most effective methodology for stimulating an independent cognitive activity of students. ПРОБЛЕМАЛЫҚ САБАҚТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫН МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Табиғат және қоғамның өзара әсері және оның экологиялық проблемасы география пәні оқулықтарында үздіксіз жалғасын тауып отырған тақырып. 9-11 сыныптарда оқушылардың экология туралы алған білімдерін жүйелі түрде жаңғырту, экологиялық проблемалар және оларды қарастыру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаты қойылады. Еліміздегі, дүниежүзілік ғаламдық проблема -экологиялық жағдайдың ушығуы-бұл үрдіс, оны оқушыларға шынайы, тура айту керек. Осылайша оқушылардың ойында позитивті идеялар қалыптасады. География сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын проблемалық сабақтар технологиясын меңгеру арқылы жүргізуге болады. "Проблема"-грек тілінен аударғанда "problema" - тапсырма деген ұғымды білдіреді. С.И.Ожеговтың пайымдауынша "тапсырмалар" ізденіс-зерттеулер жүргізу арқылы шешімін табатын күрделі теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалардан тұрады. Проблеманы түсіну-дамудың, алдыға қарай қозғалудың негізгі көрсеткіші. Осы технологияның әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы дайын білімді ұсынбай жеке тұлғаның бойындағы түрлі қасиеттердің қалыптасуына, дамуына ықпал етуге болады. Экологиялық проблемаларды қарастыратын тақырыптар барлық сыныптарда баршылық. Сондықтан проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды орындауды сабақта, элективті, таңдау курстарында да қолдануға болады. Мұндай сабақтарды өткізгенде проблемалық болжау, проблемалық ситуация, проблемалық сұрақтар мен тапсырмала