EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 73

Ïåäàãîãèêà ¹5 (5) 2015 Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 8 сыныбында математика пәнінен өткізілетін сабақтың үлгісі ретінде ұсынылған. Әдістемелік жұмыс орта мектеп ұстаздары мен әдіскерлерінің назарына ұсынылады. Данная методическая работа представляет собой пример разработки урока по математике для 8-класса средней школы. Методическая работа будет интересна учителям и методистам среднего образования. РАХИМБЕРДИНА ГУЛЬДАНА БЕРЛИКОВНА ТЕМИРОВА ИНДИРА АНУАРБЕКОВНА Семей қ. №39 орта мектебінің математика мұғалімі Семей қ. №39 орта мектебінің математика мұғалімі This methodological work is an example of the develop- ment of mathematics lesson for the 8-class secondary school. Methodical work will be of interest to teachers and trainers of secondary education. "АРАЛ ТАҒДЫРЫ - АДАМ ТАҒДЫРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ 8 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН АЛГЕБРА ПӘНІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ ("квадрат түбір" тақырыбын бекіту) Мақсаты: 1) "Квадрат түбір" тақырыбын қайталау және бекіту; 2) бөлшек-рационал, толық емес квадрат теңдеулерді, теңдеу құруға арналған есептерді шешу дағдыларын жүйелеу; 3) оқушыларды Арал және Арал аймағының қалыптасуымен, табиғаты, ауа-райы, жануарлар дүниесімен таныстыру; 4) оқушылардың экологиялық білімдерін көтеру арқылы, Арал теңізін құтқару керектігіне көз жеткізу. Түйінді идеялар: Теріс емес а санының арифметикалық квадраттық т үбірі деп квадраты а-ға тең болатын теріс емес санды айтады. Оқыту нәтижелері: Теріс емес сандардан квадраттық түбір таба алады. А р и ф мет и к а л ы қ кв ад р ат т ы қ т ү б і р д і ң қасиеттерін п а й д а л а н а отырып, есептерді шығара алады. Арал теңізінің болашағы жайлы өз пікірін білдіре алады және құрып кетуді болдырмау жолдарын ортаға салады. Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, таратпа материалдар, кітаптар, суреттер, интерактивті тақта. І. Сабақ кезеңдері: Қызығушылықты ояту: Сергіту сәті. Оқушыларды сергіту мақсатында "Достар" бейнеролигін ұсынамыз. Топқа бөліну. "Бағдаршам" түстерімен топқа бөліну немесе басқа да кез кел ген әдістерді қолдануға болады. ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі. "Қара жәшік" әдісі. Арал теңізінің қазіргі жағдайын және келешектегі болашағын видео арқылы көрсету. Көрсете отырып, Арал теңізінің бұрынғы тереңдігі мен ауданы туралы мәліметтерді беру. Осындай ақпаратты негізге ала отырып, оқушылар өздері тақырыпты анықтай алады. Пікірлер тыңдалып, тақырып анықталады. Мұғалім: "География сабағында сендер Қазақстанның ішкі көлдері туралы өттіңдер. Ал, бүгінгі сабақта біз сендермен Арал теңізі туралы сөз етеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: - "Арал тағдыры - адам тағдыры". Неге бұл тақырып таңдалды? Себебі, Арал теңізінің тағдыры Қазақстан халқының ғана емес, Дүниежүзінің проблемасына айналып кетті. Арал аумағында туындап отырған экологиялық апат ғаламдық проблемалардың ішінде ерекше орын алып отыр және адамның табиғат ресурстарын дұрыс меңгермеу нәтижесінде болған ең ірі экологиялық дағдарыс болып табылады. Арал тағдыры - Адамзат тағдыры". Мұғалім: "Арал теңізінің болашағы бар ма?" Осы сұраққа жауап беру мақсатында оқушыларға төмендегідей таратпа материалдар беріледі. Әр топ өз ойын айтады. 1.Географиялық орналасуы (картадан көрсетеді) - Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде екі мемлекеттің - Қазақстан мен Өзбекстан аумағында орналасқан тұйық көл. 2. Пайда болуы - Арал ойысы жер қыртысының төменгі майысуында қалыптасқан. Табан бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Теңіз әлі жас, оған 10 мың жыл ғана болған. 3. Жағалау сызығы. Мұғалім: Арал балықшылары теңіздің гуілдеген демін естіп, батырға теңейтін. Ол Түркістан жерін екі өзенмен құшағында аялайтын. Өзендердің атын мына математикалық тізбекті шешсек, білеміз: 71