EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 7

ßñëè-ñàäèê“ Àæàð "
¹ 4( 4) 2015
Автор өзінің "№ 12 " Ажар " ясли- бақшасындағы білімнің қалпы мен дамуы туралы ашық түрдегі баяндамасын ұсынады. Баяндама арқылы балабақшаның бүгінгі тынысымен танысуға болады.
Автор представляет открытый доклад о состоянии и развитии образования в ясли-сада № 12 " Ажар ". В статье можно ознакомиться с сегодняшней жизнью ясли-сада.
The author represents a public report on the status and development of education in nursery and kindergarten № 12 Azhar. The article is available to get acquainted with contemporary life of the nursery and kindergarten.
МОЛДАГАЛИЕВА ЛЯЗАТ ЖУРСИНТАЕВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының әдіскері
" Евразия білімі " журналының құрметті оқырмандары және әріптестер!
Ашық баяндама мазмұнын біз Сіздерге, балабақшамыздың еншісіне қарай өз таңдауларын алдын-ала анықтап қойған, сонымен қатар өз баласын біздің балабақшаға жібергелі отырған ата-аналарға жолдаймыз.
Аш ық ес епті жари ялау біздің бал абақша үш ін күнделікті қызмет болып қалыптасып келеді. Білім беру үрдісінің белсенді қатысушылары балабақша өміріне тікелей қатысы бар адамдар: ата-аналар, әлеуметтік серіктестер және балабақша немен өмір сүреді деп қаймығатын азаматтар екені айғақ болып қалыптасуда.
Біздің баяндамамызды оқи отырып, Сіз балабақшамыздың құрылымы мен жетістіктері, біздің алдымызға қойған міндеттеріміз, оқыту мен тәрбиелеудің шарттары және солардың шешімін табуға деген ұмтылысымыз, оқыту бағдарламаларымен таныса аласыз. Біздің тәрбиелеу және білім беру мекемеміз ашық ақпаратты қамти отырып, баяндама жариялау арқылы әлеуметтік серіктестер санының ұлғайуына, басқа мүдделi бiлiм беретiн мекемелермен олардың өзара әрекеттесу тиiмдiлiгін жоғарылатуға, өз дайындығымызбен, жұмыс жасалған тәжiрибемізбен бөлісуге даяр екенімізді мәлiм етемiз. КМҚК № 12 " Ажар " ясли- бақшасы қызметінің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту болып табылады және негізгі басты баға, оларға жеке мәдениетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттеріне лайықты базалық тәрбие беру.
Әкімшіліктің басқару қызметінің негізіне жарғы, мекеменің жұмысының жылдық жоспары, іс-шаралар Қазақстан республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты және нормативтік-құқықтық құжаттары мен заңдары құжаттармен бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 6 сәуірінен № 450 " Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламаларының жүзеге асу, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, ісшараларды жоспарлау туралы құжаттама 2 тілде жүргізеді. Құрылтай құжаттарының жалпы құрам бөлігі мемлекеттік тілде 65 % құрайды. Қазақстан
"№ 12 " АЖАР " ЯСЛИ- БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНДЕГІ БІЛІМНІҢ ҚАЛПЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ АШЫҚ ТҮРДЕГІ БАЯНДАМАСЫ
республикасының " ҚР Тілдер туралы " заңнамасының 21 бабының талаптарына сәйкес мақалалар, бұрыштамадағы ақпарат 2 тілде жүргізіледі. КМҚК № 12 " Ажар " ясли- бақша білім берудің ішкі қызметі бойынша келесі құрылтай құжаттары жүргізіледі:- мемлекеттік заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлік № 121040021514 3639-1917-27 ГП ШҚО, Семей қаласының әділет басқармасы 06.05.2013 ж.
- статистикалық карточкасының коды ОКПО- 51798324 30.10.2012 ж., ШҚО әділет департаменті
- Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жарғысы № 633, 2013 жылдың 19 сәуірде Семей қаласының әкімшілігімен бекітілген.
- ҚР салықтөлеуші куәлігінің сериясы 18 № 0029133 2012 жылдың 31 қазанында берілген.
- Медициналық қызметтің мемлекеттік лицензиясы 002122 DF, 2013 жылы 19 шілдеде 13011610 сериясымен берілген.
КМҚК № 12 " Ажар " ясли- бақшасының Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы 2011 жыл 21 желтоқсан № 1570 номенклатурасы екі тілде жүргізіледі және меңгеруші Ж. С. Сейсембаеваның келісімімен 11.01.2013 жылмен бекітілген. Номенклатура келесі 8 тараудан құралған басшылық, іс жүргізу, кадрлармен жұмыс, әдістемелік бөлім, бухгалтерия, медициналық бөлме, шаруашылық меңгерушісі, педагог- психолог жиынтықтан тұрады. Папкалардың барлығы тиісті индекспен белгіленген.
Барлық бұйрықтар білім бөлімі ұйымының бастығының қол таңбасымен бекітілген, № және бұйрықтың қабылданған күні, мөрі де бар. Келісілген нұсқаудың құзырлық еңбек кітапшалары толтырылған және қосымша ақпараттар енгізуінің тәртібі сақталады. Еңбек кітапшаларының қозғалысына арнайы журнал ашылған, олардың беттері нөмерленген және тігілген. Барлық еңбек кітапшалардың саны: 54 қызметкерлер, оның ішінде 20- сы педагог.
Мекеменің меңгерушісінің бекітуі бойынша лауазымдық нұсқаулар бар. Кадрлардың 2014-2015 оқу жылындағы кадрлар құрамын базалық білімі бар, өздерінің атқарып отырған лауазымдық қызметіне сәйкестігі келесі көрсеткіші келесі кестеде берілген.
5