ßñëè-ñàäèê“ Àæàð "
¹ 4( 4) 2015
АТА-АНАЛАРДЫҢ ЛЕБІЗДЕРІ ОТЗЫВЫ РОДИТЕЛЕЙ
Мен Мусанова Фарида " Ажар " балабақшасының " Аяла " тобының тәрбиеленушісі Кусманов Әділжанның анасымын. " Аяла " тобының балалары әр сайыста өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысады. Мен баламның осындай топта тәрбиеленіп жүргенге өте қуаныштымын " Аяла " тобының тәрбиешілеріне ризашылығымды білдіремін. " Ажар " балабақшасының әкімшілігіне алғыс айтамын. Балаларымызды жақсылыққа тәрбиелеп болашақта білімді, тәрбиелі, ел танитындай балалар болсын деп тілегімді айтамын. Алдағы уақытта да осындай мерекелік шаралар бола берсін деген ұсынысым бар. Ата-аналармен тығыз байланыста болсын. Отбасылық сайыстар жиі өте берсін. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Пікір жазған " Аяла " тобының ата-анасы: Мусанова Фарида
Мой ребенок: Гареев Роман Ильич, является воспитанником ясли-сада " Ажар " № 12, группа " Карлыгаш ".
За короткое время, которое мы посещаем детский сад, мы отмечаем некоторые изменения в характере Романа в лучшую сторону, он стал более общительный, дисциплинированный, ответственный, доброжелательный. Также у него имеется огромное стремление и интерес к изучению казахского языка, обычаев и традиций казахского народа. Каждый день, приходя из сада, он делится с нами новыми изученными словами, пе сня ми, с тих ами. Рас сказывае т с амые запомнившие ся моменты, произошедшие с ним за день. Роман очень любит и уважает своих воспитателей: Кудайбергенову Гульнур Серикказиновну и Аукенову Аккайшу Айткеновну. Наша семья выражает им огромную благодарность в воспитании нашего ребенка, за их терпение, ответственность, доброжелательность, профессионализм, заботу, отдачу, искренность к каждому ребенку. Заведующей детским садом: Сейсембаевой Жанне Сериковне отдельная благодарность за обеспечение всех необходимых условий для пребывания ребенка в саду целый день, за организацию дополнительных мероприятий, способствующих повышению уровня образованности наших детей, за озеленение и благоустройство территории детского сада, за возможность сказки стать явью при каждом шаге сделанном в пределах территории ясли-сада " Ажар ". с / п Семья Гареевых, группа " Қарлығаш "
Мен " Балапан " тобының ата-анасы Галимова Зауре Рысбековна Галимова Данеляның анасымын. Балам таңертең балабақшаға көтеріңкі көңіл күймен барады. Балабақшада балалардың жазғы демалысын әсерлі өткізуіне мейлінше қолайлы жағдай жасалып жатқандығын көріп жүрмін. Ол жайында топ тәрбиешілері мені хабардар етіп отырды. Солардың біразына тоқталар болсам " Балаларды қорғау күні " мерекесіне арналған мерекелік шараның куәсі болдым. Таңертең ерте балабақша алдында бізді мульткейіпкерлер көңілді әуенмен қарсы алып мерекелік қойылым қойып бергендігі баламның және өзімнің көңілімді бір көтерді. Мереке жалғасы ән-күй залында тауып, екі топтың отбасы аз қамтылған балаларына қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жаз уақытында балабақшада театрландырылған қойылымдар қойылып, балаларымыз тамашалады. Балабақшада " Су-тіршілік көзі " атты жоба қолға алынған екен, сол жобаға қатысып, балаларымызбен бірлесе су жайында сурет салып апардық. Менің балам 1 кіші тобына баратындықтан балабақшада өткен спорттық сайыстарға қатыспаса да көрермен ретінде тамашалады. Өзім осы топта балабақша өміріне тығыз араласа отырып, балабақшаны көркейту және көгалдандыру жұмысына өз үлесімді қостым. Тәрбиешілер жазғы маусымда өтілген барлық шаралар жайында бізді хабардар етіп отырды, және біздің де балабақшада өтілген шараларға қатысуымызды сұрап жағдай жасап отырды. Өз тараптарынан кеңестерін беріп отырды, сол үшін топ тәрбиешілеріне, ұжымға, жалпы осындай балаларымыздың жазғы уақытын қызықты өтуіне жағдай жасап отырған балабақша меңгерушісі Сейсембаева Жанна Серікқызына зор алғысымды білдіргім келеді.
" Балапан " 1 кіші тобының ата-анасы Галимова Зауре Рысбековна
61