¹ 4( 4) 2015
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
АТА-АНАЛАРДЫҢ ЛЕБІЗДЕРІ ОТЗЫВЫ РОДИТЕЛЕЙ
Менің балам Төлешова Еркежан " Балапан " тобына барады. Балабақшада жаз маусымына байланысты сауықтыру шаралары жүргізіліп келді соның куәсі болдым. Балаларды қорғау күніне байланысты өткен мерекелік шараның куәсі болдым. Мерекеден балам үлкен әсер алды. Екі балаға қаржылай көмек көрсетілді. Топ тәрбиешілері балабақшада өтіліп жатқан жұмыстармен хабардар етіп отырды. Соның бірі " Ауаға шар ұшыру " мерекесі. Балам кешке үйге келгенде әсерлерін айтып отырды. Соған қарағанда жаз уақытында балалардың балабақшадағы күндері қызықты өтіп жатқандығы байқалып отырды. Топ тәрбиешілері сумен әртүрлі тәжірибелер өткізді. Оған біз де өз үлесімізді қостық. Мерекелермен қоса балаларымыз ойнайтын алаңды да көркейтуге ат салыстық. Келесі жылы да балабақшамен тығыз қарымқатынаста болатындығымды айтқым келеді. Балам балабақшаға барарда таңертең үйден жүгіріп шығады. Себебі балабақшада баламның көңілін көтеру үшін барлық жағдайлар жасалатын-дығында деп ойлаймын. Балабақшаға өркендеу тілегім келеді.
" Балапан " тобының ата-анасы Молдашева Алтынай Абуовна
Мен Бейсембинова Шаризат " Ажар " бақшасындағы " Аяла " тобындағы Құтұмбеков Асылбектің анасымын. Биылғы жаз айында баламның бала бақшадағы уақытты көңілді өтті. Бақша тәрбиешілері балалармен жақсы жұмыс жасайды. Тақпақ дегенді күн ара жаттаймыз, би, өлең үйренумен қатар, қысқа көрністер де көрсетеміз. Жаз айындағы балалардың көкөністер көрінісін ата-аналарға теледидар арқылы көрсетті. Бұл іс-шара біз үшін сондай қызықты болды. " Ажар " ұжымына көп рахмет айтамын. Бала бақшаның балаларға дұрыс тәрбие бағыт беріп жатқанына сенімдімін.
Бейсембинова Шаризат
Мен, Буданова Айнаш Самаркандқызы № 12 " Ажар " ясли- бақшасы " Қарлығаш " тобының тәрбиеленушісі Буданова Аиданың анасымын.
Алғаш балабақшаны көргеннен қатты ұнаттық. Өте таза, ұжым қызметкерлері де бір кісідей мейірімді. Баламның осы балабақшада тәрбиеленуі әбден көңілімнен шығатынына нақ сенімді болдым. Менің балам Аида еш жатырқамай, алғаш күннен-ақ балабақшаға қызыға, асыға барып жүр. Көктем шығып, жаз келгелі бала-бақша ауласы ертегі әлеміндей жайнай түсті. Балаға ғана емес, ересектерге де бақытты сәттер сыйлайтынды. Азғана уақыт ішінде Аида өзін көптеген жетістіктерден көрсете білді. " Балаларды қорғау күні " мерекесі қарсаңында өткізілген " Ажар ханшайымы " байқауында Аида " Өнерлі ару " жүлдесіне ие болды. Бірнеше рет қызымыз Аида " Бала, бала, балақан " бағдарламасында өз өнерін көрсетті. Балалардың жазғы демалыс уақыты өте қызықты өткізілуде. Баламызды осындай жетістіктерге жетелеп, тәрбиелеп жатқан " Ажар " ясли-бақшасының меңгерушісі Сейсемб аева Жанна Сер иковна жанұямыздың атынан алғысымызды білдіреміз. Тәрби ешілері Кудайбергенова Гулнур Серикказиновна, Аукенова Аккайша Айтыкеновнаға еңбектеріне табыс, дендеріне саулық, жанұяларына бақыт тілейміз.
Мол ризашылықпен өздеріңізге шығармашылық табыс тілеуші: Будановтар отбасы
Сәуір айында " Ажар " балабақшасында " Күлімдейді күн, күлімдейміз біз " атты көрме өтті. Көрменің мақсаты балаларды, ата-аналарды әдемілікке баулу, ата-аналар мен балабақша арасында тығыз қарым-қатынас орнату болып табылды. Көрмеге әр отбасы өз қолдарынан жасалған бұйымдарын ала келді. Ең әдемі жасалған деп танылған жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ата-аналар бір-бірінің қолдарынан шыққан жұмыстармен танысып, ой бөлісті. Тәрбиелік танымдық маңызы зор мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деген ұсыныс айтқымыз келеді.
Мен, " Ажар " балабақшасындағы, 1- мамыр халықтар достығы күніне арналған, " Ұлы мәртебелі жанұя " атты мерекелік шараға көрермен ретінде қатыстым. Осы мерекелік шараны өткізуге, балабақша қызметкерлері бір кісідей жұмылып, ат салысқандары көрініп тұрды. Мерекелік сахнаның безендірілуі, жүргізушілердің костюмдері өте әдемі, әрі көрікті болды. Балабақша қызметкерлерінің, яғни, тәрбиешілердің ата- аналарды осы конкурсқа қатысуына көндіріп, дайындай білуі- жақсы қарым- қатынастың нәтижесі екендігін аңғартады. Бұл іс-шараны қалалық телеарналардан келген қонақтар түсіріп, көрсетілді.
Жалпы, осы конкурсты бақылау нәтижесінде, балабақша қызметкерлерінің жұмысы жан- жақты, әрі қиын екендігі байқалады. Сондықтан да балабақша ұжымының жұмысына табыс, сайыстарда жеңіс, бірлік тілеймін.
" Балапан " тобындағы Амангельдинов Бейбарыстың ата-анасы
60