МЕДИЦИНАЛЫҚ- ФИЗИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
¹ 4( 4) 2015“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
НУРАШЕВА КАРАКӨЗ МЕДЕШОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының медбикесі
Балаларға медициналық көмек көрсетуші, 16.09.2016 ж. дейінгі жарамдылығы бар сертификат иесі балабақшаның сауықтыру шараларын, эпидемиологияға қарсы шаралар, тамақтануды ұйымдастыру, балабақшаның санитарлық ахуалына, сауықтыру- шынықтыру шараларын, күн тәртібін бақылайтын маман медбике Нурашева К. М. XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жанжақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай-ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік- тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы-
22
Мақалада баланың қозғалысын, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру үшін атқарылатын арнайы әдіс-тәсілдер жиынтығы берілген. Автор тұрмыста және оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға байланысты нұсқаулықтар ұсынады. Сонымен қоса, балабақшада тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына байланысты нақты мәліметтер берілген.
В статье рассматривается специальный комплекс методов, направленных на формирование физических способностей ребенка, таких как гибкость тела, скорость, сила и выносливость. Автор представляет инструкции по развитию навыков личной и общественной гигиены как в быту, так и во время учебного процесса. Наряду с этим даются точные данные по состоянию здоровья воспитанников детского сада.
The article deals with a special set of methods aimed at creating the physical abilities of the child, such as body flexibility, speed, strength and endurance. The author presents the instructions for developing the skills of personal and public hygiene at home and during the learning process. Along with this given the accurate information on the childrens state of health in the kindergarten.
МЕДИЦИНАЛЫҚ- ФИЗИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл- әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жанжақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.
Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын( Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын- сауықтар) өткіземіз.
Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп- тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды, себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек- бөлек дәптер бастап, балалардың өсіп- жетілуіне, олардың денсаулығы жазып отыру, шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік жаттығуларды таза ауада өткізуден басталады. Киімдерін де бірте- бірте жеңілдетіп, жаз айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табалдылықты болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар үстімен жалаңаяқ және оқтауды аяқпен есу жаттығуларын жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне кіргенде сумен шынықтыру жүргізіледі. Су температурасын бірте- бірте