¹ 4( 4) 2015
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
Автор мақалада ата аналар мен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттарын кеңінен жазып шыққан. Мақалада ата-аналармен өткізілетін іс-шаралардың түрлері, оны өткізу формалары ұтымды баяндалған. Автор өзі қызмет атқарып отырған бала бақша мысалында ата- анамен жүргізілетін жұмыс түрлерін талдап, арнайы мысалдармен түсіндіруге тырысқан.
В статье автор рассматривает основные аспекты работы с родителями. Описываются виды и формы проводимых работ. Автор делится примерами проведенной работы с родителями на личном опыте.
МОЛДАГАЛИЕВА ЛЯЗАТ ЖУРСИНТАЕВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының әдіскері
In article the author considers the main aspects of work with parents. Types and forms of the carried-out works are described. The author shares examples of the carried-out work with parents on personal experience.
БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ
ДАМЫТУДА БАЛАБАҚШАНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
Мақаланы бастамас бұрын, Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың мына сөзімен бастасам " баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқа өрімдей ұл қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата- ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы- өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Ұлы педагог А. С. Макаренко: " Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата- ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады " деген.
Отбасы- барлығының басы, жан-жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата- ана мен баланың қарым- қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше- баланың алғашқы тәрбиешілері.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата- аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата- аналармен қарым- қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата- ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата- ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Енді осы мақаланы жазу арқылы ата-анамен балабақша арасындағы ынтымақты, терең байланысты толығымен ашып көрсетуге тырысамын. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында " Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық " делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып, баланың тұлғасын д амытуға біры ңғ ай біл ім беру кеңіс тігін қалыптастыру.
Отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау. Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.
Жаңа оқу жылы басталарда ата- аналар туралы мәліметтер және отбасының әлеуметтік тобы жинақталып, анықталады.
10