¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектеп оқушыларына тарих пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по истории для учащихся средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
ҚҰСАЙНОВА КҮЛЬЖАНАТ МАЖИТОВНА
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы " Шыңқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп " КММ тарих пәнінің мұғалімі
This work represents itself the lesson plan of the history for pupils of secondary school. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.
ОРТА МЕКТЕПТЕ " АЛАШ " ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ " ТАҚЫРЫБЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдың басындағы ұлттық- демократиялық қозғалысының өрістеуі. Алаш қозғалысы. Сабақтың мақсаты: XX ғ басындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік, экономикалық дамуына тоқтала отырып, ұлттық- демократиялық қозғалыстың өрістеу себебін түсіндіру. I Орыс революциясынан кейін алаш қозғалысының жандануын, алашордашылардың қазақ тарихындағы алатын орнын ашып көрсету. Өз бетінше іздену, ойлау қабілеті мен шапшаңдықтарын және топ болып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың түрі: коуч Сабақтың әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау. Сабақтың жоспары: 1. Қазақстанда ұлттық- демократиялық қозғалыстың өрлеуі. Бірінші орыс революциясы.
2. Алаш қозғалысы. Алашордашылардың қазақ тарихында алатын орны. Жаңа сабаққа өту Мұғалім: XX ғ басындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік, экономикалық дамуына шолу жасап. Бірінші орыс революциясының қазақ халқының ұлттық сана- сезімінің арттыруға өлкедегі демократиялық қозғалыстың өрістеуіне зор ықпал еткенін ашып көрсетеді. Ресейдегі революциялық оқиғаларының әсерімен қазақ қоғамының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтеріледі.
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріледі. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топ ішінен бір адамды топ басшысы етіп сайлайды. Әр топ басшылары тақырып таңдап алады. Оқушылар берілген тапсырма бойынша жұмыс істеп постер дайындайды. Жұмыс алгоритмі: 1) Ақпаратпен танысады. 2) Негізгісін табады. 3) Өз жауабын дайындау. 4) Топпен жоба жасау. 5) Жобаны қорғау. Оқушылар топпен жасаған жобасын әр топтан бір оқушы қорғайды. 1-ші топ: Бірінші революциясының ықпалымен қазақ жеріндегі жұмысшылар мен шаруалардың бас көтеруін және қазақ зиялыларының халықтың саяси жағынан көзін ашу,
білімге деген құлшынысын арттыру, сауатсыздықты жою мақсатындағы жұмыстарымен таныстыру. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы. Онда көтерген мәселелерге тоқталуы. Қазақ зиялыларының халықтың сана- сезімін ояту мақсатында газет-журналдарды ұйымдастыруы, " Қазақ " газеті мен " Айқап " журналының шығуына тоқталады. 2-ші топ: Алаш қайраткерлерінің 1916 жылға көтеріліске көзқарасы. Алаш партиясының ұйымдастырылуы. Оның " Қазақ " газетінде жарияланған бағдарламасына тоқталады. Алашорда үкіметінің құрылуын және оның қазақ тарихындағы орнын ашып көрсетеді. Сабақты бекітуге арналған тест сұрақтары: 1." Қаңды жексенбі " өлеңін кім жазды? а) Сейітов Асылбек в) Шәймерден Қосшығұлов с) Наурызбай Таласов д) Мәшһүр Жүсіп е) Мейіржан Жүсіп 2. Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болған жыл: а) 1903 ж в) 1905ж с) 1904ж д) 1906ж е) 1907ж 3. II Мемлекеттік Думаға Орал облысынан кім сайланды? а) Ахмет Бірімжанұлы в) Алпысбай Қалменұлы с) Тілеулі Алдабергенұлы д) Бақытжан Қаратаев е) Бақтыкерей Құлманов 4. Мемлекеттік Думаны құру туралы манифеске қол қойған патша: а) I Павел в) II Николай с) I Петр д) I Николай е) II Петр 5. Реакцияшыл сайлау заңы қай жылы шықты? а) 1906ж в) 1902 ж с) 1903 ж д) 1907ж е) 1905ж 6. 1905 ж 15 қарашада Қарқаралы қаласында болған
64