EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 52

¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Мақала мектепте ұстаздарының тәжірибесінде жобалау жұмысының әдістерін пайдалану мәселесіне арналған. Мақала авторлары мектепте жобалауды жүзеге асырудың өзіндік артықшылықтары туралы сөз қозғайды. Авторлар жобалау жұмысын мектеп жағдайында балаларға білім мен тәрбие берудің тиімді түрі ғана емес, педагогтар мен атааналардың балаларға білім беруге деген ынта-жігерін біріктірудің бірден бір құралы ретінде ұсынады.
САПАКОВА АЙГУЛ КАСЕНКАНОВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің химия және география кафедрасының доценті, б. ғ. к.
КЕНЕСБЕКОВА ЗАРИНА НАЗАРХАНКЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты
Статья посвящена использованию методов проектной деятельности в педагогической практике учителей школ. Авторы статьи подробно рассказывает о преимуществах реализации проектной деятельности в школе. По мнению авторов, проектная деятельность- не только наиболее продуктивная форма обучения детей в условиях школы, но и эффективный инструмент по интеграции усилий педагогов и родителей, направленных на обучение и воспитание маленьких детей.
The article is devoted to the use of methods of project activities in the teaching practice of school teachers. The authors describe in detail the benefits of the implementation of project activities in school. According to the authors, the project activity- not only the most productive form of education of children in school, but also an effective tool to integrate the efforts of teachers and parents, aimed at training and education of students.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қазіргі білім беру кеңістігінде орта мектеп түлектерін жан-жақты дамыған, айналасына өз көзқарасымен қарай алатын және баға бере алатын тұлға ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы " Білім туралы Заңының " 11-бабының 2-тармағында " Жеке адамның шығармашылық, рухани, және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін қажетті жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту " міндеттері қойылған. Зерттеу әдісі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Жобалық-зерттеушілік, шығармашылық ізденушілік кез-келген мамандықпен тікелей байланысты. Зерттеушілік іс қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет және ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуға өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Жобалық-зерттеу жұмыстары- дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Айналасындағыларды танып білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру қалпын қалыптастырады. Биік таным қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Зерттеу мен ізденіс теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді, оқушының болашақ мамандық таңдауына да бағдар болады. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерінің ашылуына мектепте мүмкіндіктер жасалған. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау, ғылыми ізденістерін арттыру мақсатында білім мекемелерінде оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылған( ОҒҚ) [ 3,5 ].
Жобалық және зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыруда шешілетін тапсырмалардың типтері Кесте 1
Тапсырмалардың типтері Тапсырмалардың нақтылығы
Ізденушілік тапсырмалар- жұмысқа қажетті мәліметтерді іздеу;- нақты қойылған мәселенің шешімін іздеу;- нақты кеңейтілген дәлелдер іздеу;- қойылған міндеттерді шешу үшін құралдар іздеу;
50