EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 16

¹ 3-4( 11) 2016
( с ыртқы дү ниеге) қатынасы. Бұд ан ш ығатын қорытынды: адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүние танымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысты қандай, таби ғат пен қоғамны ң адамғ а, оның ішкі рухани дү ниес іне тигізетін әс ері қанд ай о сыны ң бә рі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Материяны, табиғатты- алғашқы, сананы олардың- туындысы, бейнесі болғандықтан-соңғы деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананыалғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар- соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам промблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктер мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғаныменқарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл өасиеттерге қатынасы.
Адамның ой сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу міселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуыншабақыт әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілігі. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жол құмарлықтары; б) ой-парасаты. Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципіәрбір жеке адамның өз алдына мақсатты нысана ретінде қаралу қажеттігі. Бұл оныңадам мүддесі жөніндегі ілімнің басты мәселесі болды.
Сонымен ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы асыл байлық адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Бұл арада адамның қоғамда алатын орны атқаратын рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміздің өзі не? Күнделікті өмір көзінен қарағанда бұдан оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де-адам, айнала жүргендердің бәрі- адам. " Адам деген не?" деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар?- деген сұрақтың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшыантрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі түрлі боуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері тағы да бір-біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Бұл міндетті орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол-философия.
11. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы. Қоғамдық болмыстың әсерінен адамның әрекеттену, ой алмасу жолында қалыптасатын кісілік қасиеттерінің ішіндегі аса маңыздысы- дүниеге көзқарас. Кез-келген кісіні алып қарасақ, оның дүниетанымы діни де, материлистік те, ғылми да, ғылымға жат та т. б. болып шығуы мүмкін. Егер оның көзқарасының әлеуметтік жағына назар аударсақ, қандай қоғамдық топтарға, қозғалыстарға қызмет ететінін, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, интернационалист не ұлтшыл, революционер не кертартпа екенін аңғаратын боламыз. Дүниеге көзқараспен бірге адамның ішкі сипаты қалыптасады. Сипат дегенімз адамның әлеметтік орта тәрбие жасайтын ықпалынан пайда болатын мінезқұлқындағы, іс-әрекетіндегі тұрақты психологиялық
Ôèëîñîôèÿ
стиль, әдетке айналған тәртіп. Мұндай сипат " негізі қаланып ", жетілген шақта адам өзінің " адамдық " мәнін көрсете алады, қоғамдағы өзіне тиісті орынға ұмтылу құқығына ие болады. Дүниеге көзқарастың әлеуметтік-психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бой түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік жігерімен қосылмаса жансыз, пайдасыз бейне болып қала береді. Психикалық қызметтің саналы және ең белсенді, қозғауға жеңіл қыры, бөлімі болып табылатын жігер адамның алдына қойылған мақсатпен тығыз байланысты және оған жетуді қамтамасыз етудегі бірден бір сенімді рухани күш. Бұл жағынан алғанда, жігерді көздеген мақсатты іске асыруға ниеттелген әрекетке, іс-қимылға ауысысып отыратын терең сенім идеясы десек те болады. Психикалық әрекеттің басқа да түрлері тәрізді жігер де қоғамдық орта мен тәрбиенің әсеріне бағынады. Сондықтан оны ақылдың күшімен белгіленген ортаға салып отыруға болады.
12. Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінеміз? Адам-қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т. с. с. қажет. Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т. с. с. Егер жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі. Мысалы, орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бірбіріне қарсы тұрған( негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді. Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі мәнмағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған н ә с і л ш і л д і к, л о м б р о з и я н д ы қ, ә л е у м е т т і к- дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады. Әлеуметтік редукционизмге келер болсақ, оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша, адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан " қоғамдық қатынастар жиынтығы " құрайды, яғни ол-оның әлеуметтілігінде.
13. Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру. Мә дени еттің қалыптауы тұлғ а ар қылы бер ілед і. Мәдениетті қалыптастыру тұлғаның негізделген оның мә дени және рухани құндылы қтар арқасында байытылады. Автор білім берудің әсерін атап өтеді, қойылған мақсатқа қол жеткізуге болады. Білімнің дамуы XXI ғасырдағы мәдениетпен тығыз байланысты, ол " өткендегі, осы сәттегі және болашақтағы мәдениет "( М. М. Бахти н). Жеке тұ лғаны қалыптасты ру жағдайында ғана білім беруді ізгілендіру принциптерін іске асыру педагогикада тұлғалық-бағдарланған. Бастапқы ұғымы әртүрлі концепциялардың тұлғалық білім беру болып табылады және де жеке тұлға ретінде мақсаттары және білім беру факторы қарастырылады. Біл ім- мәд ениеттің бір бөлігі, ол, бір жағы нан қарағанда онымен қоректенеді, ал екінші жағынан- адамның сақтауы мен дамуына әсер етеді. Адам көп өлшемді кеңістіктегі мәдениетте өмір сүреді. Мәдени молайту жеке басынынан басталады және жеке басы про цесінде аяқталад ы. А. Н. Леонтьев нің пікірі бойынша " ол тек бір мезеттік нәрсе емес және оның тамағы ", " ол тумайды қалыптасады ". Осыған орай жеке тұ лғаның мәдени ет қалыптастыру айналадағылардың пайдасы үшін емес, өз басыңның пайдасы үшін де қажет.
14