ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ АКТУАЛДЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
¹ 3-4 ( 11 ) 2016 |
|
|
Ôèëîñîôèÿ |
МАМЫРБЕКОВ АРАФАТ МАЖИТОВИЧ
т . ғ . к ., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Философия және саясаттану кафедрасының доценті
|
КЕНЖЕБУЛАТОВА АСИЯ МИКОЯНОВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы
|
БЕКСОЛТАНОВА ӘЙГЕРІМ БАХШАБАУҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті
|
НҰРЖАНОВА САЛТАНАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті
|
Мақала заманауи философия ғылымының актуалды мәселелерін қарастырады . Авторлар көтеріп отырған мәселелер адам табиғатының ерекше болмысын қазіргі заманғы білім беру контекстінде қайта қарастыру қажеттігімен түсіндіріледі .
Статья посвящена актуальным проблемам современной философии , интерес к которым обусловлен антропологическим кризисом , необходимостью осмысления в современных условиях уникальной архитектоники человека в контексте целей современного образования .
The article is devoted the actual problems of modern philosophy are due to anthropological crisis , the need for interpretation interms of the unique nature of the human in the context of the goals of modern education .
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ АКТУАЛДЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Философия - жоғары оқу орында алатын гуманитарлық білімнің негізгі блогын құрайтын , маңызды оқу пәні болып табылады . Философия негіздерін оқу пайдалы және болашақ мұғалім мен саясаткерге , дәрігер мен математикке , инженер мен тарихшыға бірдей қажет ... Философиялық білімнің универсалды рөлін қалай түсіндіруге болады ? Философия жалпы әлем жайлы ілім , яғни бұл біртұтастық пен оның басты элементі - адамның өзара әрекеттесуі . Адам ғана философиялық пайымдаулар жасайды сондай-ақ осы болмыстың біртұтастығында қоршаған дүниені және өзін танып , бағалайды . Ол ойлануға , өзін-өзі сынауға , болмыстың жеке және жалпы жақтарын жүйелік танымға ынталандырады . Міне мұнда философияның даналығы мен құндылығы жатыр . Философияның фундаменталды мәселелері оның пайда болумен бірге қалыптасады . Философиялық проблемаларға жатқызылатын мәселелер шеңбері адамзат мәдениетінің , таным мен практика дамуымен бірге өзгеріп отырды . Алайда әрқашан жауабын тек философиядан алуға болатын сұрақтар болды . Философиялық дүниекөзқарастың мәселелері бүкіл әлемді , адам өмірін біртұтас және оның қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтиды .
Қазіргі заманғы философияның актуалды проблемалары , олар :
1 . " Соғыс пен бейбітшілік мәселесі ". Соғыс - жанжалдың шарықтау шегі , соңғы нүктесі . Бірақ , өкінішке орай соғыс саяси дағдарыстан шығу жолы бола алмайды . Тарихқа үңіліп қарасақ та , Германиядағы ұлтшыл-социалистердің социал-демократтарды жоюы
Екінші Дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты , ал большевиктердің меньшевиктерге қарсы шығуы Азаматтық соғыстың себебіне айналды . Жанжалдарға келетін болсақ , олар болды және әрқашан болып тұрады , алайда олар қарусыз жолмен шешілуі тиіс . Соғыстарға қатысты мәселелерді келісім арқылы толерантты , демократиялық жолмен шешуге болады . Яғни жанжалдарды демократиялық жолмен шешкен кезде олар біздің ойымызша соғыс қоғамды тазартып жаңартады деген мағынада емес , позитивті рөл атқарады .
2 . " Цивилизациялардың соқтығысуы - шынайы құбылыс па ?" Цивилизациялар емес , ал модернисттік және дәстүрлі құндылықтар жүйелерінің соқтығысуы . Модернизация деп жиі батыс мәдениетіне еліктеу , ал дәстүрлілік ұлттық даралық деп түсіндіріледі . Үшінші әлем мен Батыстың соқтығысуы мүмкін , өйткені бүгінгі таңдағы глобализация жиі үшінші әлемде экономикалық тұрғыда бағындрумен және батыстық құндылықтар жүйесін ендірумен теңестіріледі . 3 . Материалды және рухани игіліктерге шынай қол жеткізу және құқықтың өзара әрекетінің мәселесі . Т . Гоббстың пайымдауынша , " адам үшін басты құндылық - оның өзін-өзі сақтауы ". Мүліктік дифференциация әрқашан болды , бар және болады . Мемлекетке тәуелді игіліктерді мемлекет өзі қамтамасыз ету қажет . Алайда жеке кәсіпкерліктің бостандығы кезінде теңсіздік сөзсіз орын алады . Кедейлік ғана тең бола алады . Байлық әрқашан да тең емес . Теңсіздік тек қабілет пен еңбексүйгіштік арқылы ақтала алады . Адамға әділетті жолмен байлыққа жету керек , дегенмен қазіргі кезде
12