EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 90

¹2 (10) 2016 Көлеңке күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген, Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? Қастерлеп баба салтын Аман бол, айналайын, дана халқым Күн туса атқа қонам бір сен үшін Міне қаным, міне жаным, міне антым! 3-қыз Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге Келімсектер шықты ғой төбемізге Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз. 4-қыз Біз қазақпыз! Ел үшін атқа мінген Жанып жатқан лапылдап отқа кірген Бойтұмар ғып ар ождан қазынасын Ерлеріміз ер намысын сақтап жүрген! Біз қазақпыз! Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады. - Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз. (Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу) Қайғылы музыка ойнайды. Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді "қылмысыз" Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз Кейін соның қазасы таңылғанда Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын Мұң шағады қапаста кімге құсың Ақ-қараңды тексерер түрме деген Концлагерь болды ғой біздер үшін Желтоқсан көтерілісі жайлы слайд көрсетіледі. "Желтоқсан желі" әні орындалады. Қайрат Рұсқұлбеков туралы көрініс: Желтоқсан композициасы Тергеуші: Тұтқындағы Рұсқұлбековты алып келіңдер! Тергеуші: Айыпкер Рұсқұлбеков! Шыныңды айт,Савицкийді сен өлтірдің бе!? Тергеуші:Өлтіргеніңді мойында. Мойындасаң жазаң жеңілдейді.Ақтық сөзіңді айт! Сен 18-күнә сағат 10-да қайда болдың? Қайрат: Жолдастарыммен Фурманов көшесінде болдым. Тергеуші: Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сәтбаев көшесінді милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе? (ұрып жібереді) Қайрат: Жоқ, мен ешкімді көргенім жоқ, ұрғанымда жоқ. Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар! Қайрат: Кінәдан таза басым бар. Жиырма бірде жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар. Атам десең атыңдар! Қайрат деген атым бар Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық Атам десең атыңдар! 1- жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді. 2- жүргізуші: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. 1-жүргізуші: Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешіріл ім беруін талап етті. 2- жүргізуші:Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. 1- жүргізуші:Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 88 Ïåäàãîãèêà 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады. 1-жүргізуші: Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21- камерада қаскөйлікпен қаза тапты. Сәбира туралы көрініс. Қобыз ойнап тұрады. Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады. "Дариға-дәурен" музыкасы ойнайды. 1-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар- намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің. 2 -оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23- желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. "Құйын-86" операциясының құрбаны болды. 3-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау. Құрбан еттің жаныңды Мазақ етіп қорлай алмас Ешкім сенің арыңды. 4-оқушы: Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар "Еркек тоқты құрбандық" Атам десең атыңдар! - Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындалған еді. Ортаға ана шығады. Ана: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Ия, айналайын балапандарым-ай, жазықсыз қыршын кеткен құлындарым-ай! Алматы қаласына барған сайын, міндетті түрде Республика алаңына соқпай кетпеймін. Себебі, ол жерде елінің бостандығы үшін көтеріліске шыққан бойжеткен қыздарымыз бен боздақтарымыздың қаны жатыр. Талай елім деп еңіренген жастың жаны қыршынынан қиылды. Қаншама қаракөз қыздарымыздың ар намысы тапталып, тағдырлары тәлкекке ұшырады десеңші! Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы! Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы. 2- жүргізуші: Ия, тарихта "Құйын-86" деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды. Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады. 1-жүргізуші: Қазақстан арайланып азат таңы, Тағдырдың артта қалды азаптары. Үмітін үкілеумен өткен жылдар,