EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 89

Ïåäàãîãèêà ¹ 2( 10) 2016
БЕКБОСЫНОВА АРАЙЛЫМ МУХАМЕТКАЛИЕВНА
Семей қ. № 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
КИЫКБАЕВА
АКБОТА ЗИЯТОВНА
Семей қ. № 38 жалпы орта білім беретін мектеплицейінің ағылшын тілі мұғалімі
АДАЕВА НАЗГУЛ БАҚТЫБЕКОВНА
Семей қ. № 38 жалпы орта білім беретін мектеплицейінің ағылшын тілі мұғалімі
Сабақ жоспары желтоқсан оқиғасына арналады. Тәрбиелік маңызы зор тақырыпқа арналған кештің сценарийі берілген. Әдістемелік жұмыс сынып жетекшілеріне, орта мектеп оқытушыларына арналады.
Автором
представлена
методическая
разработка
воспитательного
часа,
посвященная
декабрьским
событиям.
Методический
материал предназначен классным
руководителям
и
учителям
средней школы.
The author presented educational methodical development hours dedicated to the December events. Methodical material will be useful for classroom teachers and secondary school teachers.

ЫЗҒАРЛЫ ЖЕЛТОҚСАН( АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ)

Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға үйрету.
Көрнекілігі: Ызғарлы желтоқсан тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, интерактивті тақта, слайдтар Барысы: Ортада С. Тұрысбековтың " Көңіл толқыны " күйі жәймен ойнап тұрады. Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады. 1-жүргізуші: Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас, Ел үшін жанын қиып, жауды қуған Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып, Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас Арқаның селі, желі, шөлі, белі,- Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас,- деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. 2-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым Бет бағдарын бақиға бұрғандарым, Қаралы жылдардай боп қарауытып, Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым, Кеудемдегі қоламта қоздатқаным Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім. Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан, Жалтақтап кете барған боздақтарым. Көрініс: " Қобыз " күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы: Елбең, елбең жүгірген Ебелек отқа семірген Арғымақ мінген жаратып Ақсауыт киген темірден Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр!- деген Қайраттың дауысы естілді.
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай- шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?! 1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.( Ана ортадан ақырындап кетеді) Көрініс: Желтоқсан композициясы ойналады. Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен? 1-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ, Бағы жана ма қала ма соры қайнап Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген Бізде шықтық алаңға " Елім-ай- лап " 2-жігіт: Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек. 1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: Қорғап қалған ұлан байтақ даласын. Қорғап қалған ата анасын баласын, Біз бүгінде әлемге аян қазақпыз Тәуелсізбіз! Дербез елміз! Азатпыз! 3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап. Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен Жариялылық дегенің елес, білем. 2-қыз: Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
87