EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 78

ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
¹ 2( 10) 2016
Ïåäàãîãèêà
Данная работа является методической разработкой по истории Казахстана. Работа будет полезна учителям и студентам педагогических ВУЗов.
Аталған жұмыс Қазақстан тарихы пәнінен әдістемелік сабақ жоспары болып табылады. Жұмыс тарих пәні мұғалімдеріне және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады.
СМАИЛОВА ҒАЛИЯ
ШҚО, Аягөз ауданы, " Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен " КММтарих пәнінің мұғалімі
This work is a methodical development of the history of Kazakhstan. The work could be helpful teachers and students of pedagogical universities.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы. Білімділігі: тарыша шашылған қазақ халқының бір орталыққа бағынып хандық болып қалыптасуы жөнінде білім- біліктіліктіқалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой- өрісін, танымдық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
- Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіре отырып, отанының тарихын білуге, отансүйгіштікке, саяси саналыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, карта, үлестірме материалдары, тест түрлері, слайдтар. Сабақ түрі: аралас сабақ, ізденіс. Әдіс-тәсілдер: электронды оқыту жүйесі. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып бөлмесінің, оқушының сабаққа даярлығына назар аудару, оқу құралын тексеріп түгендеу. 2. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ауызша; Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті? Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде? Қазақстандағы ру- тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды? Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды? Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды? 2. Үлестірме материалдары; 1. Керей мен Жәнібектің жетісуға көшудегі мақсаттары не болды? 2. Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі туралы айтып беріңіз? 3. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан жерін картадан көрсетіңіз?
4. Қазақ хандығының құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?
5. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында саяси жағдай қандай дәрежеде еді? 3. Қайталау. Білімді бақылау: Өткен сабаққа көз жүгірте отырып, хандықтың құрылуының алғышарттарына үлес қосқан хандарды еске түсірсек. 1. Қандай хандарды білесіндер?
2. Қазақ қалқының құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды? 3. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында саяси жағдай қандай дәрежеде еді?
4. Жана білімді қалыптастыру: Жаңа сабақ кезеңі: 1. Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға, дәптерге жазылады. Қазақ хандығының құрылуы; Жаңа сабақтың жоспары: 1. Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей. 2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы 3. Халқының этникалық құрамы 4. Көрші елдермен қарым-қатынасы. 5. Тақырыпты 2 топқа бөліп беремін. 6. Сабақ соңында өзім сараптама жасаймын. Қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың этникалық және саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Бұл үрдістің дамуы қазақ халқының құрылуына жеткізіп, үш жүздің қалыптасуында аяқтады. Қазақ халақының құрылуы және оның жүздерінің айқындалуы, әлеуметтік қатынастардың нығаюы, Қазақ мемлекеттігін қалыптастырған басты себеп еді. Қазақ халқының саяси бытыраңқылықты жойып мемлекет етіп қалыптастыру Ақ орда билеушілері Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиеді. Қазақ хандығының ірге тасы нығайтып, оның күш қуатын арттыру, сөйтіп ірі дербес мемлекетке айналдыру билеуші топтардың мүддесіне сай келді. Сондықтан ақсүйектердің тарапынан қолдау тапты. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында басым көпшілігі топтасқан еді. Әбілхайырдың тоқтаусыз өршіп тұрған ішкі феодалдық қырқысулары үдей түсті. Оның үстіне Әбілхайыр ханның 1457ж. ойраттардын жеңілуі ел ішінде абыройын түсірді. 2. Картамен жұмыс жасалады. Картадан хандықтың аумағы көрсетіледі; 3. Интерактивті тақта арқылы тақырыпқа байланысты шағын слайд-шоу көрсетіледі. Слайд-шоу тақырыпқа байланысты; ішінде хандықтың аумағы, хандардың суреттері, халықтың экономикалық жағдайынан сыр шертеді. 5. Жаңа білімді бекіту: Сабақты бекіту: 1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары? 2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды? 3. Қазақ хандығы қашан құрылды? 4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды? 5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?
76