¹ 2( 10) 2016 Ïñèõîëîãèÿ
2 диаграмма- зейінді анықтау бойынша студент қыз балалардың психофизиологиялық көрсеткіштері:
Ұяшықта берілген сандарың ішінде жоқ сандарды байқау арқылы зейінді анықтау " Сандарды іздеу "( Поиск чисел) әдісі бойынша зерттелген психофизиологиялық көрсеткіштерден ұл балалар мен қыз балалардың көрсеткіштерінде біршама айырмашылық болатыны көрінді.
1-2 баллдық төмен көрсеткіш бойынша ұлдардан 4 студент, яғни 12 % құраса, ал қыздардан 9 студент, яғни 26 % қанағаттанарлық нәтиже көрсетті. 3-5 баллдық орташа көрсеткіш бойынша ұлдардан 14 студент( 33 %), ал қыздардан 17 студент( 48 %) жақсы нәтиже көрсетті. 6-8 баллдық жоғары көрсеткіш бойынша ұлдардан 13 студент( 42 %), ал қыздардан 7 студент( 20 %) жоғары нәтиже көрсетті. Ал 9 баллдық көрсеткіш бойынша 1 ұл бала және 2 қыз бала өте жақсы нәтиже көрсетті. Жоғары көрсеткіш бойынша ұл балалар басым нәтижелерге ие болып, қыз балаларға қарағанда зейін қоюы жоғарырақ болатыны анықталды.
2 жұмыс бойынша " В. Я. Анфимова кестесі " бойынша зейінді анықтауда жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша қорытынды нәтижесі 1 кестеде көрсетілген. 1 кесте- зейін мен қабылдау деңгейін " В. Я. Анфимова кестесі " арқылы анықталған психофизиологиялық көрсеткіштері:
Жынысы, қатысқан студенттер саны
Жұмыс істеу қабілетінің орташа жалпы көрсеткіші
К диферецирленген қоздырғыш
Q өнімділік коэффиценті
Ұлдар 32 |
725 |
1,5 |
54,3 |
Қыздар 35 |
636 |
1,3 |
52,6 |
t |
4,8 |
2,4 |
3,3 |
t- Стьюдент кестесі бойынша ақиқаттылық мәні. Егер t көрсеткіші 3-тен көп болса, онда айырмашылығы бар деп саналса, t көрсеткіші 3-тен аз болған жағдайда айырмашылығы жоқ деп саналады [ 5, 22 ].
Қатысқан студенттердің көрсеткіштері бойынша жұмыс істеу қабілетінің орташа жалпы көрсеткіші және Q өнімділік коэффиценті бойынша ақиқаттылық мәні 3-тен жоғары болғандықтан айырмашылық бар деп есептелінеді. Жұмыс істеу қабілетінің орташа жалпы көрсеткіші және Q өнімділік коэффиценті бойынша ұл балалар қыз балаларға қарағанда басымдылық көрсеткіштеріне ие. Сондай-ақ К диферецирленген қоздырғышы бойынша t көрсеткіші 3- тен аз болғандықтан айырмашылық жоқ деп есептеледі. Жұмысты қорытындылай келе төмендегідей сараптама жасалынды: 1. Ұяшықта берілген сандарың ішінде жоқ сандарды байқау арқылы зейінді анықтау " Сандарды іздеу "( Поиск чисел) әдісі бойынша зерттелген психофизиологиялық зерттеулерде ұл балалар мен қыз балалардың көрсеткіштерінде ұл балалардың зейіні жоғары болатыны анықталды.
2. Ретсіз орналасқан әріптерден берілген тапсырма бойынша әріпті сызып тастау әдісін пайдалана отырып зейін мен қабылдау деңгейін анықтау нәтижесінен байқағанымыз ұл балалардың көрсеткіштері қыз балалардың көрсеткіштеріне қарағанда жоғарырақ, яғни ұлдардың зейіні мен қабылдау процесстері жоғары болатыны анықталды.
Зерттеу нәтижелеріне назар аударсақ студенттер арасында қыз балаларға қарағанда ұл балалардың қабылдауы мен зейіні жақсырақ болады деген қорытындыға келдік.
ӘДЕБИЕТТЕР 1. Ыжикова Елена Анатольевна. Психофизиологическая и морфофункциональная характеристика подростков алтайской и русской национальности: автореферат дис. кандидата биологических наук: 03.00.13.- Новосибирск, 2000.- 23 с./ http:// new. search. rsl. ru / ru / record / 003205042 2. Рубанович В. Б., Р. И. Айзман. Онтогенез мальчиков в зависимости от типа конституции- Монография. Новосибирск: издательство НГПУ, 2004.- с. 195-196 3. Абдишева З. В., Беликова Р. М, Возрастная анатомия, физиология и гигиена. Практикум, г. Бийск, 2006, с 23-28 4. Чернобой А. Д., Федотова Ю. Ю., Практические указания к курсу " Психология и педагогика " методика диагностики свойств восприятия, внимания и памяти. г. Владивосток, 2005, с 13-30 5. Карташев Н. Н., Соломатин С. С., Трегубов Е. М. Руководство к учебно-исследовательской работе по возрастной физиологии и школьной гигиене в межсессионный период.- М., 1985.
18