Ïñèõîëîãèÿ
¹ 2( 10) 2016
САДВАКАСОВА АКМАРАЛ ҚАБДЫҒАЛИҚЫЗЫ
Государственный университет имени Шакарима города Семей, кафедра " Биологии ", магистрант 2 курса
АБДИШЕВА ЗУХРА ВАЛИЕВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Мақалада студенттерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу жұмысында студенттердің психологиялық ерекшеліктері ретінде зейін, қабылдау және есте сақтау үрдістері қарастырылған.
В статье представлены результаты изучения психологических особенностей студентов. Процессы рассматриваются как психологические характеристики студентов в изучении внимания, восприятия и памяти.
The article illustrates the results of the study of the psychological characteristics of students. Processes are considered as psychological characteristics of students in the study of attention, perception and memory.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ
Халықтың денсаулық жағдайы қоғамдық дамудың өлшемі ғана емес, сонымен қатар еліміздің мықты экономикалық, мәдени және қоғамдық негізі. Ел басшымыз өз жолдауында ең маңызды бөлім ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қарастырған. Еліміздің болашағы дені сау, ақыл-есі дұрыс, ойлау қабілеті мықты жастарымыздың қолында. Еліміздің негізі мықты болуы үшін жастарымыздың денсауық жағдайына ерекше назар аударуымыз керек. Студенттеріміздің, яғни жастардың сапалы білім алуы үшін ең маңызды фактордың бірі ол- оқырмандардың психофизиологиялық жағдайы. Сол себепті біліммен қатар денсауық Ел басымыз жолдауында аталып өткен өзекті мәселе болып қала бермек.
Адам баласының жас шақтарына байланысты психологиялық функциялардың дамуы өте күрделі және жоғары қарама-қайшылықта болатыны белгілі. Адамның жеке даму қасиеттері мен қоршаған ортаның әсерін бойында тоғыстыра білу ерекшелігіне байланысты. Соңғы жылдардағы деректер бойынша адам денсаулығының экологиялық жағдайларға тәуелді болып отырғаны анық байқалады. Балалар- экологиялық жағдайлардың және тіршілік ету ортасының басқа да факторларының ықпал етуі тұрғысынан айрықша осал контингент. Заманауи университеттерде оқу студенттердің кең көлемдегі ақпараттарды меңгеру қажеттілігімен байланысты. Сонымен бірге соңғы нәтиже де маңызды: алған білімін тек пайдалануды ғана білмей, сондай-ақ баланың денсаулығын сақтап қала білу де қажет [ 1 ].
Ұзақ мерзімді ақыл-ой жүгі балаға еңсесін көтерпейтіндей ықпалын тигізеді, соның салдарынан жұмысқа деген қабілеттің сандық және сапалық көрсеткіштері, көру анализаторының тұрақтылығы төмендейді, назар аудару, зейін қызметтерінің нашарлауы байқалады. Бұл үлкен қателікке, қарапайым және өте күрделі сенсомоторлық реакциялардың жасырын кезеңінің артуына әкеледі [ 2 ].
Зерттеудің мақсаты- студенттердің психологиялық ерекшеліктерін, зейінді анықтау.
Зерттеу жұмысы келесідей міндеттер қойылып, төмендегі әдіс арқылы жүргізілді [ 3; 4 ]:
1. Ұяшықта берілген сандарың ішінде жоқ сандарды байқау арқылы зейінді анықтау " Сандарды іздеу "( Поиск чисел); 2. Ретсіз орналасқан әріптерден берілген тапсырма бойынша әріпті сызып тастау әдісін пайдалана отырып, " В. Я. Анфимова кестесі " арқылы зейінді анықтау.
Зерттеу жұмысы Семей қаласының Д. Қалматаева атындағы медициналық колледж( 20-21 жасатағы студенттер), Семей медициналық университеті және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 20-21 жас аралығындағы студенттер алынды. Студенттер жасына және жынысына байланысты топтастырылды. Тәжірибеге қатысқан студенттер саны 67 құрады, оның 32 ұл бала және 35 қыз бала болды.
1 жұмыс бойынша, яғни " Сандарды іздеу " әдістемесі бойынша жүргізілген анкеталық жұмыс нәтжесі бойынша 1, 2 диаграммада көрсетілген.
1 диаграмма- зейінді анықтау бойынша студент ұл балалардың психофизиологиялық көрсеткіштері:
17