EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 15

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Òàðèõ
¹ 2( 10) 2016
Аталған мақалада қазіргі таңдағы Қазақстан Респу бликасының азаматтары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығы, оның идеясы, құндылығы, қызметтері жайында ақпарат берілген. Автор Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының айтқан сөздерінен мысал келтірген.
В данной статье представлена информация об идеях, ценностях, функциях Ассамблеи народа Казахстана и её современной роли и значимости для всех граждан Респу блики Казахстан. Автором приведены высказывания председателя Ассамблеи народа Казахстана.
ТАНБАЕВА БАРШАГҮЛ
Семей қаласы, Бөкенші орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
This article contains information about the ideas, values, functions of the Assembly of Peoples of Kazakhstan and its modern role and significance for those who live on the territory of the Republic of Kazakhstan. The author highlighted statements of Chairman of the Assembly of Peoples of Kazakhstan.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Бүгін Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: " Қазақстан- бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы ".
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігі мен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.[ 2 ]
" Бірлік бар жерде- тірлік бар " дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.[ 7 ] Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы болды. Онда Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев " Ұлттық бірлік- біздің стратегиялық таңдауымыз " деген тақырыпта баяндама жасаған болатын. Ассамблея- еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ассамблея осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі
этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды.
Ең бастысы, Ассамблеяның әрбір сессиясын қарапайым халық тағатсыздана күтеді. Өйткені барлық этносты бауырына басып, құшағына алған бұл құрылымның әрбір жиынында ортақ Отанымыздың келешегіне қатысты аса маңызды ой-пікірлер, ұсыныстар ортаға салынады. Сессияның бүгінгі мәжілісінде де осындай өзекті мәселелер талқыланып, шешім қабылданады деп сенемін- деп атап көрсеткен болатын.
Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былай дегені бар еді: " Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат бұл- Конституция. Ата Заңымыздың алдында ала-құласы жоқ бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз!"
Ата Заңымыз тұтастықтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсіністік, достық жағдайында өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, дүрдараздық жоқ. Олар Қазақстанды ортақ Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газетжурнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театрлар алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны.[ 8 ]
Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша екенін атап өткен жөн. Бұл Ассамблея- бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Астана қаласында мемлекет басшыларының Саммитін өткізуді дүниежүзінің қолдауы мемлекетіміздің Конституция негізінде жүргізіп отырған салиқалы саясатының белгісі.[ 1 ]
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениетаралық және
13