EURASIAN EDUCATION №1 2015 | Page 54

Ïåäàãîãèêà ¹1 (1) 2015 Берілген сабақ жоспары бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сабақ жүргізудің тиімдісі үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерінде пайдалана алады. Данная разработка урока представляет собой пример проведения урока по предмету "Познание мира" в начальных классах средней общеобразовательной школы. Методическая работа будет интересна учителям средней школы. The working-out subject plan is given as a useful example for teach- ing subject "Learning the world". Every primary school teacher may use this plan. ЖЕКСЕМБАЕВА БИБІГҮЛ БАЙДАУЛЕТОВНА Семей қаласы №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі БАСТАУЫШ СЫНЫПТА "ДҮНИЕТАНУ" ПӘНІН ОҚЫТУ Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың жануарлар жөнінде алған түсініктерін к еңейту, жануарлардың табиғатқа және адамға келтіретін пайдасын ескере отырып жануарлар әлемін қорғау бүкіл адамзаттың парызы екенін түсіндіру. Дамытушылық: Жануарлар , олардың тіршілігі , мекен ортасы ,пайдасы туралы танымдық қабілеттерін , ой- өрістерін , дүниетанымдық көзқарастарын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны , жан- жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс. Әдіс -тәсілдері: Интер белсенді Стратегиялары: Ой қозғау, эссе жазу, пікірталас, шығу парағы, бағалау . Көрнекіліктері: Суреттер, сызбалар , шағын мәтіндер, кестелер, интерактивтік тақта. Пәнаралық байланыс : Ана тілі ,қазақ тілі,өзін-өзі тану. Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау: 1. Жылы лебіз білдіру. 2. Топқа бөлу: (сурет бойынша атау) 3. Үй тапсырмасын тексеру: "Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі" 1) Түсінгендері бойынша мазмұндату. 2) Суреттегі жануарлардың пайдасы мен мекен ортасы туралы әңгімелеу. 4.Өтілген материалдарды пысықтау : Сызбамен жұмыс: Сызбадағы топтар бойынша жануарларды атау, мекен ортасы мен пайдасы туралы айту: 1-топ: СҮТҚОРЕКТІЛЕР - түрлері, мекен ортасы, пайдасы 2-топ: ҚҰСТАР - түрлері, мекен ортасы, пайдасы 3-топ: БАЛЫҚТАР - түрлері, мекен ортасы, пайдасы 4-топ: БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР - түрлері, мекен ортасы, пайдасы 5.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі : а) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. ә) Мағынаны таныту. 1. ЭССЕ жазу: 4 топтағы оқушылардың әрқайсысы: 1. Жануарларды қалай қорғауға болады? 2. Оларды қорғау үшін қандай шаралар қолдануға болады? 3. Жан-жануарларға қалай қамқорлық жасауға болады? - деген сауалдар төңірегінде өз ойларын эссе түрінде жеткізеді . 2. Эссені тыңдау , талдау. Оқулықпен жұмыс : Мәтінді оқып, таныстыру Мазмұнын түсіндіру, мағынасын ашу. 52 "Қызыл кітап" туралы кең, ауқымды түсінік беру. Қазақ тілі: жер-су аттарын қандай әріптен бастап жазамыз? ә ) Дәптермен жұмыс: Қорықтардың аттарын жаздыру: Алматы, Ақсу- Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжың, Наурызым, Марқакөл. Жануарлар: Барыс, арқар, елік, марал, сілеусін, түркімен құланы. Құстар: Тарғақ, бірқазан, дуадақ , құмай, лашын , бүркіт, кекілік. Балықтар: Ақмарқа, Түркістан қаязы, пілмай, көкбас немесе осман. 6. Жаңа сабақта түсінгендерін тексеру: Танымдық тапсырма: Мәтінмен жұмыс: 4 топқа түрлі қағазға жазылған шағын мәтіндер таратылады . Жүргізілетін жұмыс түрлері: Әр топ мәтінді өз ішінде оқу, талдау. Кестені толтыру. Ортаға мәтінді карта бойынша түсіндіру, талдау. 1- топ: Қорықтар: "Ақсу-Жабағылы", "Алматы". Қорықтардың аты Ашылу мақсаты Мекендейтін Жануарлар құстар 2- топ : Құстар: "Қызғылт бірқазан", "Тарғақ", "Жорға дуадақ" Құстардың аты: Мекен ортасы: Кему себебі: Пайдасы: 3- топ: Жануарлар: "Қарақал", "Түркістан сілеусіні", " Барыс". Жануардың аты Мекен ортасы: Кему себептері Қорғау шаралары 4- топ : Балықтар : "Кит", "Камбала". Балықтың аты Немен қоректенеді? Пайдасы Ерекшелігі 7. Сабақты бекіту : 1.Ой қозғау! "Жануарлар әлемін шарлау"