Ïåäàãîãèêà
¹ 1( 1) 2015
Берілген сабақ жоспарында Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын оқыту мәселелері қарастырылған. Ақынның " Өзім туралы " өлеңіне кешенді талдау үлгісі көрсетілген. Сонымен қатар автор мультимедиялық құралдардың көмегімен сабақты тиімді өткізу жолдарын ұсынған.
Данная работа представляет собой разработку урока по предмету " Казахская литература ". Методическая работа представляет интерес для учителей и методистов средних школ.
БОЛСЫМБАЕВА МАГФУЗА МҰҚАТАЙҚЫЗЫ
Семей қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
In this article regards the issues of teaching of the life and creativity of Kasim Amanzholov. There is shown the ways of making a comprehensive analysis to his poem " About myself ". At the same time, author offers effective methods of conducting lessons with the multimedia materials.
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ " ӨЗІМ ТУРАЛЫ " ӨЛЕҢІ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақын өмірінен жанжақты дерек бере отырып, шығармашылығымен таныстыру. " Өзім туралы " өлеңіне кешенді талдау жасату, іздендіру, салыстыру, қолдану.
Сабақтың міндеті: Ақын туралы толық мағұлмат беру, өлеңіне кешенді талдау жасату, жекелеме жұмыс арқылы көркем сөйлеу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ақын өмірімен жан-жақты танысып, шығармаларын оқиды. Өзім туралы өлеңін оқып, кешенді талдау жасайды. Ізденеді, саралайды, мәнерлеп оқып, өз ойларын еркін жеткізеді.
Әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, салыстыру, топпен жұмыс, ойын түрлері, өлеңге кешенді талдау жасау. Сын тұрғысын ойлау, диалогтік оқыту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка. Көрнекіліктері: Ақын өмірі туралы слайд, кітаптар, плакаттар, шығармалар жинағы, үлестірме парақтар, домбыра, диск. Бағалау бағамдарымен таныстыру
1 2 3 4 5
Ақын туралы ізденіс
Р / с Оқушының атыжөні
Мәнерлеп оқу
Кешенді талдау
Топпен жұмыс
Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық дайындық: Қасым Аманжолов әнін тыңдату. Сабақтың эпиграфы: Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй!...( Абай) Диологтік оқыту II. Қасым Аманжолов туралы не білеміз? Оқушылар слайд арқылы қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылығы жайлы іздестіретін баяндайды.
Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келген. Туған халқының сөз өнерінің төрінде өртке тиген дауылдай жырлармен мәңгі орын тепкен. Ақын қайтыс болғаннан кейін жарияланған " Өзім туралы " атты өлеңінде:
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп. Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім,- деп жырлайды. Осынау арман ақын шығармашылығының басынан аяғына дейін тұтас тартылып жатқан өрнек сияқты.
Қасымның поэзиясы Отанды. Туған жерді сүюге, қастерлеуге үндейді, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа баулиды.
Өлеңдері: " Сарыарқа " " Ертіс ", " Жайық ", " Орал ", " Мен табиғат бөбегі ".
Поэмалары: " Ақын өлімі туралы аңыз " " Қытай қызы " " Құпия қыз " " Бикеш " " Естай-Қорлығайын " драмалық дастаны. Сын тұрғысынан ойлату арқылы оқыту. " Өзім туралы " өлеңін мәнерлеп оқу. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту. Өлеңге әдеби кешенді талдау жасату: Тақырыбы: Өлең туралы, ақынның өзі туралы.
Бағалау
Идеясы: Отанды сүю, өлеңнің құдыреті. Шумақ 25 Тармақ 100 Қара өлең ұйқасы ааба Топтық жұмыс: Ойын: " Халық банкі "
ТЕҢЕУ
ХАЛЫҚ БАНКІ ДЕПОЗИТ 10,5 %
ЭПИТЕТ
МЕТАФОРА
Бекіту: " Өзім туралы " өлеңнің әнін тыңдату Қорытынды: қасым жасық өлең жазған ұлы тұлға оның артында леңжырдан мол мұрасы қалды. 2011 жылы ақынның Республика көлемінде 100 жылдығы тойланды. Атынды мектеп, көше атаулары бар. Көптеген шығармалары жарияланып кітап болып басылды. Саяхатқа Қасым атамыздың ауылына барайық. Ойын: " Өзеннен тас арқылы өтейік!" 1. Қасым Аманжолов кім? 2. Қай жылы дүниеге келген? 3. Қандай шығармалары бар? Үй тапсырмасы: Мүмкіндік деңгейлі " Өзім туралы " өлеңнен үзінді жаттау. Міндетті деңгейлі тапсырма: Ақын бейнесін сипаттап айту. " Берейін өмірімнен өлең жасап " тақырыбына шығарма жазу. Бағалау. Кері байланыс.
105