Ïåäàãîãèêà ¹ 1( 1) 2015
БЕРИКБАЕВА МЕРУЕРТ СЕРИККАЛИЕВНА
Семей қаласының № 37 мектеп-гимназиясының мұғалімі
Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған " инновация " термині ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеңінен қанат жайып келеді. " Инновация " ағылшын тілінен аударғанда " жаңалық енгізу, жаңашылдық " деген ұғымды білдіреді. Басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы [ 1 ].
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады. Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлімтәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын( мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады [ 2 ].
" Инновация " сөзі латын тіліндегі іn( ішіне) novus( жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда ең алғаш " инновация " ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н. Нұрахметов. Ол " Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет " деп көрсетеді.
Ал, К. Құдайбергенова " инновацияны "- нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп,
Мақалада мектеп оқушыларына білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған. Автор білім берудегі инновациялардың түрлері мен тәсілдеріне шолу жасайды. Тиімді инновациялардың бірі ретінде деңгейлеп оқыту технологиясын ұсынады. Сонымен қатар сабақ барысында мультимедиялық құралдарды қолданудың маңызы туралы баяндайды.
Статья освещает тему использования инновационных технологий в обучении школьников. Автор описывает виды и методы инновационного обучения. Подробно рассказывает о технологии разноуровневого обучения, как об одном из эффективных методов инноваций, применяемых на сегодняшний день в средней школе. Также описывает пути применения мультимедийных инструментов во время урока.
In this article referred the importance and benefits of using of innovative technologies in the education of school children Author made overview to different types of innovation in educating and prefers the spilt-level training as one of the most effective innovations. At the same time, says about the importance of using multimedia tools in training.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
төмендегідей аудармалар жасаған: " инновация "- жаңарту, " нововведение "- енген жаңалық, " новое "- жаңа, " новшество "- жаңалық, " инновационный процесс "- жаңарту үдерісі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: " Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу "- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі [ 3 ].
Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі- деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей( базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс [ 4 ].
99