EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 94

¹ 1-2( 16) 2017 Ïåäàãîãèêà
Қазіргі оқулықтың құрамында осы бағдарламаға сәйкес өте жан-жақты, оқушылар өз бетіме қызыға іздене отырып, мағыналы сұрақтарға жауап бере алады. Оны мынадай түрде көрсетуші болады.
Қазіргі кезде баланың интеллекттісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.
Интеллектуалдық дайындық- баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой-өрісін, нақты білім қорын қалыптастырады. Жалпы айқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады- дифференциалдық қабылдау;- аналитикалық ойлау;- болымсыз рационалды жақындау( фантазия рөлі)- есте сақтау;- білімге қызығушылық;- ести отырып сөйлеу және түсіну, әртүрлі символдарды қолдана білуі;
- қол қимылдарының, көру, қимыл координацияларының дамуы. Атақты психологтардың айтуы бойынша " Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады " дейді. Сондықтан ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясының қолдан- оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы- шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу; сабақ құрылымының тиімділігі: дидактикалық ойындар; өздік іс-әрекетті қарқындылығы; сабақта әр оқушыға өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл
технологияның бір ерекшелігі " жақсы ", " жаман " оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой-өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу мақсат тұту. Коммуникативтік оқыту технологиясы- сабақта диалогтың және монологтың оқудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарымқатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ қасиеті, өзінің ортақ мақсатты тілегіне бағына білуінің қалыптастырады. Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да, мұғалімге қоятын талап та өзге болуы тиіс.
Ел президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында " Біздің болашақтағы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жақсартуымыз қажет " деген сөз бар. Демек, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
" Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту үшін ең басты жағдайлар жасалуы керек ". Оқушылардың дарындылығының дамуы, қабілеттің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Ол үшін мұғалім өзі де шығармашылықпен үзбей айналысып, жазған көркем дүниелерін оқушыларға үнемі оқып беріп пікір алысып отыру керек.
" Тегін, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады " деген ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманының, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мен оған жанжақты терең білім беруді алдағы мақсат етіп қойып отыр. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Бастауыш мектеп № 3 2008 ж 2. Бастауыш мектеп № 4 2006 ж 3. Бастауыш мектеп № 8, 9 2007 ж 4. Бастауыш мектеп № 9, 10 2008 ж 5. Қазақ тілі мен әдебиеті № 3 2005 ж 6. Қазақ тілі мен әдебиеті № 7 2007 ж 7. Қазақ тілі мен әдебиеті № 6 2005 ж
92