EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Página 93

Ïåäàãîãèêà ¹ 1-2 (16) 2017 Мақалада жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімділігі баяндалады. Сонымен қатар инновациялық технологияларды қолдану кезінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағидалар аталып өтіледі. В статье рассматриваются вопросы применения инновационных технологий обучения на уроках казахского языка и литературы. Автор отмечает важность соблюдения основных педагогических принципов при применении новых технологий и методик. ТОҚАШЕВА ГАЛИЯ РАХИМОВНА This article reports the effectiveness of using new technolo- gies in the Kazakh language and literature classes. At the same time,in the article underlined pedagogical principles during the time of using innovative technologies on the lessons. Семей гуманитарлық және техникалық колледжі ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК- ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың түрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан- жақтылығы, білімі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғар болуы. Ол үшін жаңа формацияның педа гогы қажет " деген. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім бастауыш берілетіні анық. Сондықтан мұғалім бағдарлама көлемінде ғана беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету керек. В. П. Беспальконың анықтамасы бойынша "Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс- тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана". Педагогикалық жүйе ретінде оқушының жан- жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, мақсатты жинағын қарастырады. Бүгінгі таңда оқытулың дәстүрлі және дәстүрлі емес, жаңа дамыта оқыту әдістері пайдалануда. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптық сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60-шы жылдарда (бұрынғы Отандық педагогика) пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков т.б идеялары жалғасты. Мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше, оқушылардың дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы. Оқуға деген ынтасының артуы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім. Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуде оқытудың басты мақсаты -адамзат мәдениетінің кез келген саласындағы іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін баланы өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығы мен оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүние тани келе, өздері үшін білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік балалардың өз қызығушылығынан басталады. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі- жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілік тәсілді қолдайт ын технология. 91