Ïåäàãîãèêà
сабағында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген ақпараттық-техникалық құралдардың мүмкіндіктері де оң әсер етеді. Ақпараттық-техникалық құралды қолданып өткізген әр сабақ оқушылар ынтасы мен қызығушылығын арттыруда орны бөлек. Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды аудио-визуалды қабылдау мен көрсетілім оқушылардың алған ақпаратты сақтауының 20-30 %-на ғана әсер етсе де, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды талқылау, тәжірибе барысында бір-біріне үйрету, білім беру және үйрену барысында жақсы нәтижеге жете алды. Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану-заман талабы. Cабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен жұмыс, бейнефильмдер көрсету, грамматикалық жаттығулар орындату, А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды орындату кезінде, мәтіннің дұрыс оқылуы арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне интернет беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты интернет сайттарына сілтеме беріп отырамын. Оқушыларға Интернет желісін қолданып, ашылған тізім ішінен Википедия сайтын таңдап ол туралы тағы да қысқаша мәлімет беремін. Бұл жердегі менің мақсатым оқушыларға интернет желісін өзімізді қызықтыратын қосымша ақпарат іздеуде дұрыс пайдалану және google мен wiki мүмкіншіліктерін көрсетіп, подкастинг жасауда қолдана білу болды.
Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда оқушылар белсенді болады, яғни оқушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, жұмыстанады. Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады. Қазіргі ақпараттық заманда оқушыларды таңғалдыру мүмкін емес жағдай. Сондықтан, осы кезеңге дейін АКТ-ны қолдану дегенде слайд, презентацияларды қолдану керекпіз деген ұғым қалыптасқан болса, қазір АКТ-ның көптеген мүмкіндіктерін сабақтарда жүзеге асыра отырып, олардың пәнге қызығушылықтарын және нақты білімдерін көрсетпесе де, оған жетуде мол мүмкіндік беретіндігіне мұғалім ретінде көзім жетті. Бұрын оқушылардың ұялы телефондарын сабақта тыныштықты бұзады деп қолдануға тыйым салған болсам, ендігі көзқарасым басқаға өзгерді. Оны ақпаратты іздеу құралы ретінде сабақта пайдаланып, оқушы пікірімен санасу арқылы бірлесіп жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Әр сабағымда ұялы телефондарын, ноутбукті пайдаланып, берілген тапсырманы орындауға кіріседі. Олар телефонды тек байланыс құралы емес, сабаққа да пайдалануға болатынына көздері жетті. Себебі, кітапта жоқ
¹ 1-2( 16) 2017
ақпараттарды, электрондық құралдардың көмегі арқылы компьютерде өңдеу, интернет желісінен бейне( видео) арқылы көрсету, оны көшіру мұғалімнің жұмысын да, оқушының қабылдауын да жеңілдетеді деп ойлаймын. Осы модульде нұсқаулықта берілген подкаст, wiki-беттерімен жұмыстану мен үшінде, оқушы үшін де жаңалық болды. Алдағы уақытта осы жаңалықтарды оқушылармен бірлесе отырып жүзеге асыру қажеттігін ұғындым. Мен өз сабақтарымда АКТның мүмкіндіктерін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тырыстым. Сабақта қолданылатын ақпараттық технологияның біріинтерактивті тақта. Интерактивті тақтаның сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекше. Интерактивті тақтаны сабақта қолдану Activstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу( монолог, диалог) тыңдап-түсіну, оқушыға өтілетін тақырып бойынша грамматика, лексиканы ұғындыру мақсатында, орындалатын әрбір тапсырманы және жүргізу барысында қолданылатын кестелерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып көрсеттім. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash-анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады. ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын бағдарлама талаптарына сай үйретіліп отырған тілде еркін жеткізе алды, шетел тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білді, пәнге деген қызығушылыықтары артты. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында Activote құралы арқылы тест тапсырмасын өткізуде, Аctivote құралының тиімділігі оқушылардың жауаптары бірден бағаланады. Бұл әсіресе АББҚ оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді. Оқу үдерісінде АКТ қолдану оқытушының жеке істәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді.
АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану- сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.
Қорыта келе айтарым, бұл- ақпараттық- коммуникациялық технология
Мұғалім үшін педагогикалық технологияны игеруі; сабақ уақытын тиімді қолдану, білімнің тереңдігі, жиелік қауымдастыққа, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу.
69