АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
¹ 1-2( 16) 2017
Ïåäàãîãèêà
Мақалада инновациялық оқыту технологияларын қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған. Автор тілдерді оқытуда интерактивті тақта мен интернет желісінің ресурстарын пайдалану жолдары туралы сөз қозғайды.
Статья освещает вопросы использования инновационных технологий в образовательной деятельности. В качестве примера использования инноваций автор повествуют о способах использования интерактивной доски и веб ресурсов в обучении языкам.
ОРЫНБАСАРОВА ҚҰРАЛАЙ НҰРЛАНҚЫЗЫ
Семей қ. " М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі " КМҚК шетел тілі мұғалімі
The article covers the questions of the using innovative technologies in the educational activity. As an example of using innovations the author tells how to use the whiteboard, and web resources in teaching languages.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Қазақстан Республикасы " Білім туралы " Заңының 8- бабында " Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: " Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа ақпараттық- коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзінөзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады. Ақпараттықкоммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту. Жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек. АКТ-ні қалай қолдану керек технологиялық білім топта АКТ-ні қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Колледждағы технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет / WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер / ноутбук. Сандық бейнені( видео) қолдану Бағдарламалық жасақтама( БЖ) Windows-тың көшірмелерінің көбісінде бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін тегін және қолданыста өте жеңіл W indows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді.
Колледждің кабинеттерінде интернет жүйесіне қосылғандықтан сабақтарымда АКТ кеңінен қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді.
Өз бiлiмiмді жeтiлдiру мaқcaтындa oқытудaғы Кeмбридж тәciлiнiң тeoриялық нeгiздeрiмeн тaныcып, үшінші деңгейлік курсты тамамдадым. Осы курста оқыптанысқан жеті модулдің ішіндегі АКТ-ны ағылшын тілі
68