¹ 1-2( 16) 2017
Лабораториялық жұмыстарды ойдағыдай өткізу барысында кейде қолдан жасалынған құралдарды пайдалануға тура келеді. Бұған әрине өлшегіш приборларды, сызғыш, мензурка, таразы т. б. қолдан жасалынбайды. Себебі, өлшеу кезінде дұрыс нәтиже келтірілмейді. Көбіне құралдар тек өнеркәсіптік жасалынған құралдармен ғана жасалуы тиіс. Қарапайым қондырғыларды жасау ол әр ұстаздың өз шеберлігі. Мысалы, электрлік мотор, дифракциялық решетка т. б. жұмыстарға қажетті құралдарды көрсетілімдік тәжірибе негізінде жүргізуге болады. Физиканы оқыту барысында оқушылардың үйде жүргізілетін жұмыстары да болады. Оларды орындау кезінде оқушылар үй тұрмысындағы нәрселерді қарапайым қондырғыларды пайдаланады. Оның нәтижесі оқып үйренген физикалық заңдардың қоршаған өмірдегі көріністерін көре білуде себі тиеді. Сөйте отырып теория мен практиканың байланысын ұштастырады.
Жеке оқушыларға құрал жетпеген жағдайда, үлкен бір тарауды өткеннен кейін 2-3 лабораториялық жұмысты қатар жүргізуге болады. Мұндайда оқушыларды орындалатын жұмыстың соңына қарай 2-3 топқа бөлінеді. Содан кейін бір топтағы үш оқушы жұмыспен танысады да, әрқайсысы әр түрлі жұмыспен айналысады. Бір оқушы тәжірибе жасайды, екіншісі жүріс барысын тексереді, үшіншісі берілген мәндері бойынша шыққан нәтижені есептейді. Содан соң рөлдерін ауыстырып, бір жұмыс үш рет орындалған болады және бір-біріне көмектеседі. Мысалы, " Қатты дененің тығыздығын анықтау " деген жұмысты I, II, III топқа бөліп, әрқайсысына мыс( сары), темір( қоңыр), алюминий( ақ) цилиндрлер беріп заттардың тығыздығын анықтауға болады. Орындауға қиын жұмыстарда фотосуреттерді де пайдаланудың артықтығы жоқ.
Ïåäàãîãèêà
Айталық, мензурка, динамометр, термометр, секундомер, амперметрлер және вольтметрлер орындалатын жұмыстарда олардың шкалалары көрсеткіш тілдері демонстрациялық столдан кластағы барлық оқушыға бірдей анық көріне бермейді. Міне осы кезде фотосуреттерді пайдалануға болады. Тіптен мұны былай жүзеге асыруға да болады, прибор жұмыс істеген кезін алдын ала фотоға түсіріп, содан соң лабораториялық жұмыс орындалар алдында эпидоскоп арқылы экранға проекциялап көрсетуге болады.
Оқушылардың жұмысты түсініп отырғанотырмағандығын тексеру барысында сұрақтар беріп отырамын. Жұмысты орындау барысындағы оқушы белсенділіктерін атап отырамын. Оқушыларға қорытынды баға қоюда жұмысты орындауға қойылатын талаптарды ескеремін. Олар қандай талаптар:
- Біріншіден, дәптерге жұмыстың жазылу эстетикасын, схемалардың сызылуын, формулалардың жазылуын;
- Екіншіден, оқушының жұмысты орындаудағы белсенділігін, ұқыптылығын;- Үшіншіден, есептеу нәтижелерінің дұрыстығын;- Төртіншіден, қателіктерді есептеу нәтижесі;- Бесіншіден, жұмыс туралы оқушының қорытынды жазылуын тексере отырып бағалаймын.
Осы талаптардың ішінен өз тәжірибемде оқушылардың құралдың бөлік құнын, шкаланың дұрыс оқылуын, шаманың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін жете ұғындыруға тырысамын. Кейбір жұмыстарды тікелей өлшеулердің көмегімен де жүргізуге болады. Балаға терең де сапалы білім берумен ғана шектелмей, оның қоршаған ортадағы заңдылықтармен құбылыстарды меңгеруіне физиканың лабораториялық жұмыстарын уақытылы жүргізіп баланың оқып білгенін практикада көрсете білудің танымдық маңызы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Қазақстан Республикасының " Білім туралы " Заңы 2. Жолдасова Б. Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, № 5, 2007ж. 3. " Физика және астрономия " республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журналы. 2012ж. № 2. 4. " Физика және астрономия " журналы № 4, 2007 жыл
54