Ïåäàãîãèêà ¹ 1-2( 16) 2017
МҰҚАНОВ МЕРХАТ СОЦИАЛҰЛЫ
Семей қ. " М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі " КМҚК физика пәнінің оқытушысы
Мақала орта мектепте физика пәнін оқытудағы лабораториялық жұмыстардың маңызы туралы. Автор физика сабағында лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі.
Статья посвящена значимости лабораторных занятий в обучении физике в средней школе. Автор статья делится опытом по организации лабораторных работ на уроках физики.
The article is devoted to the importance of laboratory studies in teaching physics in secondary school. The author shares his own experience on the organization of laboratory works on physics lessons.
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ӨТКІЗУ ТИІМДІЛІГІ
Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обьектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикумның атқарар рөлі үлкен. Осыған орай, әр лабораториялық жұмыстың бірнеше вариантын қарастыра отырып, оқушының ой-өрісін дамытуға, экспериментті қоюы және орындау кезіндегі қабілеті тексеріледі. Оқушылар үшін лабораториялық жұмыстардың ережесі былай құрылған:- жұмыстың аталуы;- керекті құралдардың тізімі;- орындалатын операциялар туралы толық мағлұмат беретін жұмыстың орындалу реті;
- физикалық шамаларды есептеуге арналған формулалар;- өлшеуді және есептеу нәтижелерін енгізетін кесте;- абсолют және салыстырмалы қателіктерді бағалау;- нәтижені қорытындылау. Лабораториялық жұмыстарды жүргізу процесінде оқушылар физикалық заңдардың обьективтілігіне көз жеткізеді және физикадағы ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер жөнінде мағлұмат алады. Сонымен қатар физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруіне ықпалын тигізеді, өлшеу приборларымен жұмыс істегенде шеберліктер мен дағдыларды сіңіруіне, білімдерін өмірде саналы қолдануға үйретеді. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық сабақтар оқушылардың ой белсенділігін арттырып, оларды қойылған сұраққа эксперименттік жолмен өз бетінше жауап іздеуге бейімдейді.
Мектепте және колледжде лабораториялық сабақтардың негізгі екі формасы орын алған: 1. Фронталь лабораториялық жұмыстар; 2. Физикалық практикум. Физикадан жүргізілетін лабораториялық сабақтарды фронталь әдісімен өткізудің аса маңызды пайдалы жақтары бар. Фронтальды лабораториялық жұмыстарда сыныптың барлық оқушылары жұмысты бір тақырыпқа орындайды және бірдей жабдықтарды пайдаланады. Қазіргі білім берудегі физикалық лабораториялық жұмыстары көбінесе осы бағытта жүргізіледі. Өйткені қазіргі таңда мектеп лабораториясында физикалық құрал- жабдықтардың мүлде болмауы не мөлшерлі түрде болуынан, тіпті іске жарамсыз болуы. Бұның өзі бір ретте оқушыларды жалықтырып та жіберуі мүмкін. Оқу
бағдарламасында лабораториялық жұмыстар көбіне өтілген тақырыптың соңында көрсетілген. Бұл міндетті түрде соңынан орындалу керек деген сөз емес. Менің өз тәжірибемде қандай да бір жұмыстың орындалуы жаңа тақырыппен байланысты болса, онда міндетті түрде сабақтың 10-15 минутын жұмыстың орындалуымен бастаймын. Әрбір оқушының физиканы оқи бастағанға дейін әр түрлі физикалық түсініктер қоры болатыны даусыз. Өз беттерімен өмірден жинақталған білім қорлары барлық оқушыларда бірдей емес, кейбірінде тіпті болмауы да мүмкін. Бұл түсініктер қандай да бір жаңа материалды қабылдап, түсіну үшін жеткілікті негіз бола алмайды. Бұл ретте оқушыларға лабораториялық жұмыстарды қөрсетілімдік тәжірибелер түрінде, екінші бір жағдайларда лабораториялық жұмыстарды оқушылардың оқып үйренгендерін тереңдете түсу үшін пысықтау мақсатымен өткізуге болады. Кейде лабораториялық жұмыстарды есептер формасында өткізу де пайдалы. Мысалы, " Электр шамындағы тұтынатын қуатты анықтау " атты жұмысты сәйкес тақырыпты оқып үйренуді аяқтаған соң бақылау есебі түрінде өткізуге болады. Біріншіден, төмендегі сұрақтарды талқыладық:- Амперметр тізбекке қалай жалғанады?- Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?- Суреттегі шартты белгілер нені көрсетеді?- Келтірілген схемалардың ішінен қайсысы тұтынушы электр лампасының қуатын дұрыс анықтауға ыңғайлы?
- Тізбекке екі бірдей лампы тізбектеле немесе параллель жалғанған. Лампылардың қай қосылысында олардан өтетін токтың қуаты үлкен болады?
- Берілген жағдайда электр қуатын анықтау үшін қай формулаларды пайдаланған тиімді?
Осыдан соң оқушыларға практикалық кеңестер беремін. Оқушылар лабораториялық жұмысты орындауға кіріседі, оның нәтижелерін сол бойда оқулықта көрсетілген әр түрлі техникалық құрылғылар қуатының кестесі бойынша тексеріп, анықтағалы отырған лампаның қуатының дұрыстығына көздерін жеткізеді. Егер дұрыс мән шықпаса қайта орындауды тапсырамын.
Көрсетілімдік тәжірибелер тек қандай жағдайларда орындауға болатындығын сіздерге айта кетейін, бұл тек құрал саны әр оқушы партасына жетпеген кезде, демонстрациялық үстелде тек мұғалімнің ескертуімен жүргізіледі. Мұны, 10 сынып " Гей- Люссак заңын " көрсетілімдік және есептеу негізінде жүргізуге болады.
53