Тұлғатану
"Менің мақсатым – елдегі жағдайды жақсы жағына қарай өзгерту"
2
Голощекин билікке келген уақыттан бастап-ақ мемлекеттік биліктің әлеуметтік мазмұнына байланысты ұлттық басқарушы топтың да өзара қарсы екі ұстанымға бөлініп кеткендігі байқалды. Кеңестік мемлекеттік автономияға жалпыұлттық сипат, мазмұн беруге күш салушы бірінші топ Голощекин ұсынған бағдарламаны қазақ ауылында жасанды түрде «азамат соғысын» тудыру әрекеті ретінде бағалады. Ал, келесі екінші ұстанымдағы басшы қызметкерлер Қазақстандағы жағдайға сталиндік орталықтың көзімен қарап, мұнда да басымдылық ішкі Ресей губернияларындағыдай таптық мәселелерді шешуге берілгенін жөн санады.1927 жылы ақпанда С. Сәдуақасов өлкелік комитет бюросына өзін ауыл мектебіне оқулықтар мен кітапшалар даярлау үшін бірнеше айға республика мекемелеріндегі жұмыстан босатуды өтінген арыз береді. Өлкелік комитеттің бюросы 1927 жылғы 9 наурыздағы отырысында С. Сәдуақасовтың арызын қарап қанағаттандырып, үгіт және насихат бөліміне Оқу-ағарту комиссариатымен бірге жазылмақшы оқулықтар мен кітапшалардың жоспарын даярлап секретариатқа өткізуді тапсырады. Оның құрамында С. Сәдуақасов жоқ еді. Бұл іс жөнінде оның қызметтен біржола аластатылғандығының көрінісі болатын. «Мен „Кіші Октябрге“ қарсымын», деген Алаш арысының қоғамдық қызметінің екі кезеңі осылай аяқталып еді.
Смағұл Садуақасов:
Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.
Ол он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алған, содан кейін Әбіл молда мектебі арқылы білімін жалғастырады. 1912–1915жж Павлодардағы 2 кластық орыс-қазақ училищесін бітіргеннен соң, 1 жыл мұғалім болып жұмыс істейді, содан соң Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.
1918–1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.
1928–1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.