БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 63

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Сурет 3 – Операциялық күшейткіштегі терістеуші сұлбасының кіріс және шығыс сигналдарының графиктері Операциялық күшейткіштегі терістеуші сұлба қарастырылғандықтан, ОК- тің шығысындағы сигналдың фазасы кірісіндегі фазадан π / 2-ге өзгеше болады. Операциялық күшейткіштегі терістеуші емес сұлба. Сұлбаның барлық параметрлері (4-ші сурет) терістеуші сұлба жағдайындағыдай сақталады. 5–ші суретте тізбекке қосылған виртуалды осциллографтар бойынша алынған кіріс және шығыс сигналдарының графиктері берілген. Сурет 4 – Операциялық күшейткіштегі терістеуші емес сұлбасы Көрініп тұрғандай, кіріс сигналының амплитудасы 10 мВ (генератордан да дәл сондай амплитудамен сигнал беріледі), операциялық күшейткіштің шығыс сигналының амплитудасы 1В тең. Кіріс және шығыс сигналдарының фазалары сәйкес келеді. 62