Matematik.kz "Matematik.kz" журналы | Page 2

Журнал мақсаты

Математика пәніне арналған «matematik.kz» сайтының ішіндегі on-line журналы Қазақстан мектептеріндегі математика пәнінің мұғалімдері қауымдастығының арасында өзара тәжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету, математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Бұл журнал математика мұғалімдері мен оқушылардың пән бойынша ойландырып жүрген сұрақтарына жауап беруге, мұғалімдер қауымдастығының арасында бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Журнал сіздерге ұнап, пайдасы тиер деген үміттеміз!

Егер де сіз өз материалыңызды осы журналдың оқырмандарына көрсеткіңіз келсе [email protected] адресіне хат жазып материалыңызды, толық аты-жөніңізді жазып жіберсеңіз, біз сол материалды жариялаймыз.

Сұрақтарыңыз болса сайттағы «Тілектер мен ұсыныстар» бөлімінде жазуға болады. Өз адресіңізді көрсеткен болсаңыз, сұрағыңыздың жауабын сонда жібереміз. Болмаса осы журналға қайтып келгенде оқуға болады.

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУДА ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ РӨЛІ

Авторы: Кожагельдинова Гульназы Нигиметовна-

Павлодар қаласының «Жас дарын»

мамандандырылған мектебінің математика мұғалімі

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер - әлемдік білім беру жүйесін жаңарту керектігі жөніндегі дәлелдер болып табылады. Сол өзгерістердің бірі-мектептердегі желілік қоғамдастықтың және әртүрлі өңірде тұратын мұғалімдердің кәсіби даярлығы мен шеберлігін арттырудағы ақпараттық ресурстардың рөлі баяндалады. (жалғасы 3 бетте)

2