Matematik.kz "Matematik.kz" журналы | Page 12

Әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі судоку болып есептеледі. Ол санмен байланысты жапондық жұмбақ. Аталған ойынның принциптері аса қиын емес, сондықтан көптеген әуесқойлар жұмбақтың өз нұсқасын жасап шығаруға тырысып жатады. 2012 жылы фин математигі Арто Инкала да өзінің нұсқасын жасап, оның «ең қиын судоку» екенін мәлімдеген болатын.

Әлемдегі ең қиын судоку

Судокудің ең танымал түрінің бірі сум-до-ку болып табылады. Оны тағы да «жан алғыш судоку» деп те атайды. Басты айырмашылығы, сум-до-куда қосымша сандар берілген – тор топтарының қосындысы және топтағы сандар қайталанбауы керек. Calcudoku.org жұмбақтар сервисінде жарияланған есептердің қиындық рейтингісін көруге болады. Солардың ішінде мына сум-до-ку де бар.

6

Ең қиын логикалық есеп

А, В және С деп аталатын үш құдай бар. Олардың бірі – шындық құдайы, екінші – өтірік құдайы, ал үшіншісі – оқиға құдайы. Олардың қайсысы кім екені белгісіз. Шындық құдайы әрдайым шындықты айтады, өтірік құдайы сәйкесінше, әрқашан өтірік айтады, ал оқиға құдайы еркін түрде шындықты да, өтірікті де айтады екен. Және «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін үш сұрақ қою арқылы құдайлардың қайсысы кім екенін анықтау қажет. Бір ескерте кететіні әр сұрақ тек бір-ақ құдайға қойылады. Құдайлар сұрақты түсінеді, бірақ өз тілдерінде «da» және «ja» деп жауап қайтарады және олардың қайсысы «иә» қайсысы «жоқ» екені де белгісіз.

Әлемдегі ең қиын сум-до-ку