EURASIAN EDUCATION №9 2016 | Page 46

¹ 9( 15) 2016
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс бастауыш сыныптарда сыныптан тыс шара өткізудің үлгісі ретінде ұсынылады. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения внеклассного занятия в начальных классах средней школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
КАЙРБЕКОВА ДИНАРА КАЙРБЕКОВНА ЖЕКСЕМБЕКОВА АНАР СЕРИКОВНА
№ 35 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері, Семей қаласы
This methodological work represents the example of an extra-curricular activity for primary school students. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР

( БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ)
Сыныптан тыс сабақ Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: оқушылардың " талап ", " білім " құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: 1. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. 2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қуыршақтар Қолданылатын құрал: интерактивті тақта. Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың мазмұны:- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! 1 " А " және 1 " Ә " сынып оқушыларының арасында өтетін сайысқа қош келдіңіздер!
-Бүгінгі сайсымыздың тақырыбы " Білімді мен талаптыға нұр жауар " деп аталады. Сабағымыздың мақсаты: талаптану арқылы жеңіске жетуді үйрену.- Бүгін біз екі топ болып жарысамыз. Топ мүшелері өлең жолдарын оқиды: 1-оқушы. Ойнап бал-бұл жанамын Кітап оқи аламын. Әке сөзін тыңдайтын Мен-талапты баламын.
2-оқушы. Талпынамын, тойлаймын Талабымды жоймаймын. Ұлы мақсат шыңына Шықпай әсте қоймаймын.
3-оқушы. Ер жеткен соң қалай мен Бір жаңалық ашпаймын. Қиындықтан саспайтын Әдептен де аспаймын.
4-оқушы. Әбес деме мұнымен
Айтайын бар шынымды. Талмай оқып, ізденіп Игеремін ғылымды.
5-оқушы. Адал ұлмын халқыма Адал болам антыма. Кім болсам да елімнің Дақ салмаймын даңқына!
Оқушылардың бәрі бірге: Талаптанып, қанаттанып Өмір сырын ұғамыз. Білім алып, тұлғаланып Азамат боп шығамыз.
1-топ. " Талаптылар " 2-топ. " Алғылар "
- Сайысымызды бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.- Сайыс 5 кезеңнен тұрады: 1-кезең. Бәйге 2-кезең. Тіл өнері 3-кезең. Сөз ойла, көп ойла. 4-кезең. Ертегілер елінде 5-кезең. Кім жылдам Сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстырады: 1-топ " Талаптылар " Талаптылар-білімді, Меңгерген бар ілімді. 2-топ " Алғырлар " Алғырлар-елгезек, Алады тез тіліңді.
1-кезең. Бәйге. Топ басшылары қоржыннан сұрақтарды алады. Топтарға арналған сұрақтар: 1. Сөйлем нелерден құралады? 2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 3. Табиғат құбылыстарына нелер жатады? 4. Мал сүтінен жасалатын тағамдар 5. Жұмадан кейінгі күнді ата.
44