Ïåäàãîãèêà
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс: Талап- тілекті айтамыз шықсын ортаға басшылар! Осы кезде " Менің Қазақстаным " әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.
Прокурор: Балалар! Уа балалар! Мен республика прокурорымын. Тыңдаңдар! Жатақтарына қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар. Осы кезде залда әскери команда беріледі.
Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция " Құйын ". Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура! Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар- көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып- соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті- аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі:- Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға. Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.
ІІ жүргізуші: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін- өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды. Хор: " Желтоқсан желі " 1 оқушы: Иә, Қайраттың балаң үнінен, Махамбеттің арынын, Шәкәрімнің қайғысын, Мағжанның махабатын, Мұқағалидің арман-сағынышын, өкініш-күрсінгенің сезгендей боласың. Орталықтың қара түнегіндей найзағай боп жарқылдап жыр нөсермен күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек шашқан " Ұлы Қайрат, ақын Қайрат, батыралты алаштың арасы болған Қайрат кім еді?..."
2 оқушы: Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотащик селосындағы шопан балаларына арналған мектеп- интернатта оқыды. Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен әуестенетін. Ортаға басын дәкемен ораған Қайрат шығады. Қайрат: Күнәдан таза арым бар, жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар!
3 оқушы: Пешенесіне жазылған азғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді. Оған бағытталған оқ кәдімгі қылмыскерге емес тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси " теріс көзқарастағыларға " арналған оқ еді. Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмерлі жігіттің " ұлтшыл " атанып, осы кепті киюі ғажап емес-тін. 4 оқушы: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт: Жел кірді көңіліме жиырма бірде, Айдады ерікке қоймай сол несібе. Желпілдеп, желдім екен несіне, Түседі адасқаным енді есіме,-деп қатты торыққан, қайсар рухты Қазақ жігіті орысша қазақша судай жігерлі, отты жігіт еді. Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.
¹ 8-9( 8) 2015
5 оқушы: Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат, Ауа жетпей атып шыққан алаңға. Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол Тапталғысы келмеді оның табанға. Әсте естен шығармайды жыр мұңы, Айтады ылғи домбыраның күмбірі. Атты аталса күрсіндірер жылатып, Желтоқсандық азамат пен құрбыны. Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі. Айналайын, ағайындар ақ жүрек, Жолың түссе, басына бар, тағзым ет. 6 оқушы: Ол тірі қалғанда ақын боларма еді... Ерте солған жыр әлеміндегі гүл едің ғой, Қайрат... Ал мына өлең жолдарына құлақ түріп қарайықшы Әкетай-ақ пайғамбардай жасың бар, Туа берсең сіз секілді асылдар. Қартайғанда жүрегімді қаралап Кесір болдыау біз секілді масылдар. Айналайын қарындасым, қарағым, Сені ойласам үзіледі жұлыным. Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, Кетіп барам мен айдауға құлыным. 7 оқушы: Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу- ұлттық парызымыз.
8 оқушы: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол- дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға- апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы. 9 оқушы: Қазақстан! Туды алтын дәуірің, Алғандайсың жұлдыздардың жарығын Алтын заңың құтты болсын қымбаттым Туған күнің құтты болсын алыбым! Армандарды жақындатқан тым алыс Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс Егемендік ел бақыты ертеңі О, халайық құтты болсын қуаныш. 10 оқушы: М. Шаханов " Мұзға жаққан алау ". 11 оқушы: Қ. Әбілдақызы " Желтоқсан оқиға емес " өлеңдерін оқыды. Қорытынды. Мұғалім: Міне, оқушылар өздерін айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 24 жыл толғалы отыр. Бас аяғы 24 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінеді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас-құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан-жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар " Біз Қазақстандықтармыз " деп кеуде кере шатануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған атабаба қанды жорығының, дабылды-дауылды күресінің заңды жалғасы, жатса түсінен, тұрса есінен бір кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Желтоқсан оқиғалары- Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті.
95