EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 94

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
¹ 8-9( 8) 2015
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 11 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по казахскому языку для 11 класса средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
This work represents itself the lesson plan of the Kazakh language for 8th grade pupils of secondary school. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.
АКБАСОВА АЙНАШ ТЛЕУКЕНОВНА
ШҚО Семей қаласы Озерки ауылы " Озерки жалпы орта білім беретін мектебі " КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің оқытылуына ерекше мән беріліп отыр. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыруымыз керек. Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған ашық сабақтың жоспары қазіргі заманда кеңінен қолданып жүрген " Сыни тұрғысынан ойлау " технологиясының стратегияларын пайдаландым. " Сыни тұрғысынан ойлау " технологиясының стратегиялары " Бесжолдық өлең ", " Эссе ", " Венн диаграммасы " т. б. мынадай нәтиже береді:
- оқушылар басқалармен қарым- қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды кез келген жағдайда сыйластық, түсіністікпен қарайды;- өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай біледі;- оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді;
Ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады. Сабақтың тақырыбы: Домбыра Мақсаты: ата-бабаларымыздан мұра ретінде қалған домбыраны қадірлеуге тәрбиеленеді.
Міндеттері: оқушылар мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, практикалық жолдарымен көмекші есімдердің қыз метін анықтайды; сөз қорын молайтады, мәнерлеп оқуын, ауызекі сөйлеуін дамытады; қазақ музыкасын сүйсіне тыңдауға тәрбиеленеді. Типі: интеграциялық сабақ. Түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы. Көрнекіліктер: ұлттық аспаптар( домбыра қобыз, асатаяқ, қоңырау, сыбызғы) суреттері Әдіс- тәсілдер: " Бесжолдық өлең ", " Эссе ", мәнерлеп оқу, сөздік жұмысы, жаттығу жұмысы, күй тыңдау, сұрақ- жауап, пәнаралық байланыс, дидактикалық материал Пәнаралық байланыс: музыка Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Күй " Қөңіл толқыны " Асылбек Еңсепов. Сіздер А. Еңсеповтің " Көңіл толқыны " күйінен үзінді тыңдадыңыздар. Осы күй қандай музыкалық аспапта орындалды? Сабақ мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақта ата- бабаларымыздан мұра ретінде қалған, әрбір қазақ отбасында қадірлі орынды тұратын ұлттық аспаптардың бірі домбыра туралы айтамыз Домбыра- " Бесжолдық өлең ". Ұлттық аспаптар өте көп. Мысалы: адырна- көп ішекті музыкалық аспаптардың бірі. Асатаяқ- сілку арқылы үн
шығаратын музыкалық аспап. Дауылпаз- ұрып ойнайтын музыкалық көне аспаптың бірі. Жетіген- жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Желбуаз- үрмелі аспап. Қылқобыз- екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Сақпан- сілкімелі аспап. Шаңқобыз- бітімі бөлек, ойналуы ерекше музыкалық аспап. Қоңырау- сылдырмақты музыкалық аспап. Домбыра- қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасыр лар сырын сақтаған қос ішекті шертпелі музыкалық аспаптардың бірі. Сөздікпен жұмыс: Қос ішекті- двухструнный Сезім- чувство Тиек- струнная подставка Пернелер- струны қарағай- сосна Киелі аспап- домбыра туралы толық мәлімет алу үшін сөзді ән-күй мұғалімі Қасенов М. Қ. беремін. Домбыра туралы толық мәлімет беріледі. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. 1.1. тапсырма. Мына сөздерге синоним болатын сөздерді жазыңдар. Ертеден- көнеден Сезімін- ниетін Күнделікті- өмірде Тарту- шерту 1.2. тапсырма. Екінші бағанадағы қосымшаларды дұрыс пайдаланып, сөйлем құраңдар. Домбырамен күй тартады. Қобызбен сазды әуен ойнап берді. Баянда ойнап берді. Сыбызғымен өз туындысын тартты. Скрипкамен әнді сүйемелдейді. 1.3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазыңдар. Көмекші есім дерді табыңдар. Қала-ның іші аялдама-ның арты Ауыл-дың сырты төсек-тің жаны Көпір-дің үсті базар-дың маңайы Көпір-дің асты орман-ның жаны Аялдама-ның алды жол-дың қасы Қандай жалғаулар жалғадыңдар? Іші, сырты, үсті, асты, арты, жаны, маңайы, қасы с өздері нені білдіреді? Дұрыс, бұл сөздер орын-жайды білдіреді және ілік септікте тұратын сөздер мен тіркеседі. Бұл көмекші есімдер. Ал енді, балалар, бүгінгі сабақта домбыра туралы көптеген мәлімет алдың дар.
92