Ïåäàãîãèêà
АЙТЖАНОВА НҰРГҮЛ
ЖОЛДАҒАЗЫҚЫЗЫ
ШҚО Аягөз ауданы "Ақши жалпы
білім беретін орта мектеп
жанындағы интернатпен" КММ
мұғалімі
¹7-8 (14) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте қазақ әдебиеті пәнінен
сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта
мектеп
ұстаздарының,
әдіскерлердің,
педагогикалық
мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың
назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример
проведения урока по казахской литературе в средней школе.
Методическая разработка будет интересна учителям средней
школы, методистам, студентам и магистрантам пед агогических
специальностей.
This methodological work represents the example of a Kazakh literature
lesson for pupils of secondary school. The lesson plan might be useful to
the secondary school teachers, methodologists and students in the master's
programs of pedagogics.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН
ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Жолда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері
М.Әуезовпен таныстырып "Жолда" әңгімесінің мазмұнын ашу, Абай өмірінің балалық, ересек шақтары жайлы мәлімет
беру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал
ету, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа намысшыл болуға шақыру
Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: топпен жұмыс, жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Спандияр, Ыбырайдың, Абайдың, Мұхтардың портреті, топтастыру, интербелсенді тақта,
Филворд
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
- Кіріспе әңгіме
- Әңгімені оқып, талдау
- Сұрақтарға жауап беру
ІV. Қорытынды
- Бекіту сұрақтары
- Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қатысушыларды, оқушыларды тұңғыш президент күнімен құттықтау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық сәті.
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір сөзім- шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір ісім- тілек, тірлік, тазалық.
-Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасаймыз. Олай болса әр топ өздерін таныстырып өтсін.
"Ақорда" тобы. Ұраны:
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек
Адамдар бірін бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
"Бәйтерек "тобы Ұраны:
Оқуда талмау керек
Биікке самғау керек
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Спандияр Көбеев "Орындалған арман" Ыбырай Алтынсарин туралы
Әр топтың дайындаған материалдарын тыңдау.
Әңгіменің басында "Үлкен той болды" деп қандай тойды айтып отыр?
Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?
Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
83