¹6 (13) 2016
ҚҰРМЕТТІ
ӘРІПТЕСТЕР!
"ERUDIT" білім беру-ғылыми орталығы ғалымдар мен педагогтерден "Еуразия білімі. Eurasian educa-
tion. Евразийское образование" халықаралық ғылыми-әдістемелік журналына (Қазақстан
Республикасының инвестициялар мен экономикалық даму министрлігі берген мерзімді баспасөз
басылымын есепке қою туралы №14770-Ж куәлігі) жариялауға жұмыстар қабылдауды жалғастырады.
Мерзімді баспасөз басылымы айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Журнал
жарияланымдарының тақырыптық бағыттары - ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, ақпараттық-жарнамалық (білім
беру мекемелері үшін).
Журналдың таралу аймағы - Қазақстан Республикасы, ТМД елдері, таяу және алыс шет елдері.
Журналға Қазақстан, Евразиялық экономикалық қауымдастық елдері, ТМД, Грузия, Украина, Түркия, Қытай және
Евроодақ елдері ғалымдарының, ізденушілердің, докторанттардың, магистранттардың, мұғалімдер мен
оқытушылардың, әдіскерлердің, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері,
мақалалары, сабақ жоспарлары, ғылыми жобалары және басқа да ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланады.
Журналға жариялауға келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу еңбектері, очерктер мен әдістемелік жұмыстар,
сабақ жоспарлары қабылданады:
Жаратылыстану ғылымдары;
Гуманитарлық ғылымдар;
Әлеуметтік ғылымдар;
Техникалық ғылымдар;
Экономикалық ғылымдар;
Педагогикалық ғылымдар;
Білім беру мәселелері.
Бір автордан журналдың бір санына екі жұмыстан артық қабылданбайды. Ұжымдық авторлықта жазылған
жұмыстар жеке жұмыстармен қатар қабылданады. Бір жұмыстың авторларының саны 5-тен аспауы тиіс.
ЖУРНАЛДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Жұмыс мәтіні 2 беттен кем болмауы тиіс және 10 (он) беттен аспауы керек, жол арасы 1,0 интервалымен Microsoft
Word редакторында, жиектері - сол жағынан 3 см, жоғары және төменгі жағынан 2 см, оң жағынан 1,5 см болатын
А4 форматындағы стандартты бетте Times New Roman қарпімен 14-ші шрифтпен терілуі керек, жұмыстың әрбір
абзацы жаңа жолдан 1 см шегініспен жазылады. Жол ортасынан автор(лар)-дың тегі, аты-жөні (толығымен) қою
шрифтпен жазылады. Келесі жолға автордың жұмыс (оқу) орнының толық атауы мен лауазымы, ғылыми атақ-
дәрежесі жазылады. Бұдан соң жол ортасынан мақала тақырыбы қою шрифтпен жазылады. Бір интервалдан кейін
жаңа жолдан мақала мәтіні жазылады, пайдаланылған әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілген тәртібіне сәйкес,
мақаланың соңында жазылады. Мәтінде сілтеме берілген әдебиеттер тік жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі
нөміріне сәйкес көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданылған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның беті көрсетіледі
(мысалы, [1, 256]). Барлық суреттер, таблицалар, диаграммалар, формулалар мен басқа да көрнекілік суреттемелер
компьютерлік редакторларда жасалып, мақалада сілтеме берілген ретпен көрсетілуі тиіс. Егер мақала қазақ, орыс
және ағылшын тілдерінен бөлек, басқа тілде жазылған жағдайда, мақалаға ағылшын не қазақ (орыс) тілінде жазылған
қысқаша аннотация берілуі керек.
Редакция алқасы жинақтың тақырыбына сәйкес келмейтін, жоғарыда көрсетілген ережелерге сай емес және
мазмұны жағынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы за ңнамасына қайшы келетін материалдарды
қабылдамауға құқылы.
Журналға енетін ғылыми-әдістемелік жұмыстар электронды нұсқада, автордың байланыс телефондарын көрсете
отырып, [email protected] электронды поштасына жіберіледі.
Жұмыспен бірге авторлар өздерінің электронды нұсқадағы фотосуреттерін жіберуі керек (JPEG форматындағы
сканерден өткізілген фотосурет көшірмелері де қабылданады). Фотосурет 5х6 форматындағы портреттік фото түрінде
түсірілуі керек, егер мақала авторлары 3 (үш) не одан көп адам болса, біртекті ашық фонда түсірілген бір ұжымдық
фотосурет қабылданады. Сапасы төмен немесе автордың бет-әлпеті көрінбейтін фотосуреттер қабылданбайды.
Журнал санына жұмысы жарияланған әрбір авторға редакция алқасы жұмысының жарияланғандығы туралы
сертификат береді.
Журналға мақала жариялау жөніндегі барлық
сұрақтар бойынша "ERUDIT" білім беру-ғылыми орталығына
келесі телефон номерлері бойынша хабарласа аласыздар:
8 (7222) 56-25-25, +77076594160 (Азамат Азатов), +77778543577 (Арафат Мамырбеков)
e-mail: [email protected]
Редакцияның мекенжайы:
071400 Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 45/3
63