EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 73

Ïåäàãîãèêà ¹3-4 (17) 2017 Мақала ШҚО Аягөз қаласының №6 орта мектебінде жұмыс жасайтын "Жаңашылдар" әдістемелік бірлестігінің қызметіне арналған. Мақала авторы мектептің білім беру қызметіндегі нәтижелілікті арттыру мақсатында мектепішілік әдістемелік бірлестіктер жұмысын тиімді ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі. Статья посвящена деятельности методического объединения "Жаңашылдар" ("Новаторы"), действующего на базе средней школы №6 г. Аягуз ВКО. Автор статьи делится опытом по организации деятельности школьных методических объединений для достижения наиболее большей результативности образовательной деятельности школы. БИРТАЛАЕВА БАХЫТ НҰРЛАНҚЫЗЫ ШҚО Аягөз қаласы "№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен" КММ "Жаңашылдар" әдістемелік бірлестігінің жетекшісі The article is devoted to the activity of the methodical association "Zhanashildar" ("Innovators"), acting on the basis of the secondary school №6 of Ayaguz of the East Kazakhstan region. The author of the article shares her experience in organizing the activity of school methodological associations in order to achieve the most effective results of the school's educational activity. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА Ұлтымыздың ұлы ұстазы А. Байтұрсынов: "Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" деп бекер айтпаған. Қай қоғамда да істің тетігін маман шешеді деген қағида еншісінде шындық бар. Яғни , білім сапасын көтерудің бір тетігі ұстазға ба йланысты деген сөз. Сондықтан мұғалімге жүктеліп отырған жауапкершілік зор. Әр халықтың ана тіліндегі сыр мен сипат, икемділік, мөлдірлік, мазмұндылық, дәлдік, байсалдылық,, сұлулық тағы басқалар- сол халықтың рухани тіршілігінің даму барысын, сана-сезімінің шырқап шыққан биігін танытады. Бұл ретте ұлттың мақтанышы Абай тілі, Мұхтар тілі. Ғабит тілі- "сымға тартқан күмістей" сұлу тіл. Ол сөз ғана емес, сөзбен салынған сурет. Ол- биік парасат, терең философия. Ол - сыр, ол - сезім! Ал, осыншама сұлулықты жас шәкірт бойына дарыту, ұрпақты ана тілінің құдіретімен тұшындыру ұстаздар еншісінде. Әдебиеттегі ұлттық пішін дегеннің өзі не нәрсе? Ол - ең алдымен, ана тілі! - дейді Фадеев. Ол әр халықтың тек өзіне тән өзгеше сөйлеу жүйесі, сөз рухы! Иә, бүгінгі таңда әдебиет және тіл немесе тіл мен әдебиет деген ғажайып әлемде қаншалықты еңбек етіп, қандай жетістік пен жемісіміздің барын ортаға салсақ деп ой түйдік. Бүгінгі қоғам талабына сай білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу -білім беру жүйесінің басты мақсаты. Ендеше, осы мақсатта ШҚО, Аягөз қалалық " №6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен құрылған "Жаңашылдар" әдістемелік бірлестігі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және жас ерекшелігіне сәйкес оқушы тұлғасының дамуын қамтамасыз етуде тынбай жұмыс атқаруда. Жоғары санатты ұстаздар - 5, І санатты-1, ІІ санатты- 1, Бейсанатсыз - 2, 3 мұғалім педагогикалық шеберлік орталығында деңгейлік курсын оқыған. А.О. Ахметкаримова -ІІ деңгей ,С.Қ. Нөкербекова мен Жақсыманова Э.А.- ІІІ деңгейлік курсты оқыса ,биылғы жылда Астана қаласында 9 айлық бақылау мен басшылық курсында А.О.Көбелдесова оқып жатыр. Жалпы пән бойынша екі оқу кабинеті бар, екеуі де қазіргі заман талабына сай , оқушылардың білім алуына толық жағдай жасалса,биылғы жылда ШҚО "Дәуірдің дара ұстазы" Қанипа Бітібаеваның атына кабинет ашылуда. Аталған ұстаздардың барлығы республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып өз мақалаларын жариялаған. Облыстық, республикалық, халықаралық басылымдарда сабақ жоспарлары мен мақалалары жарық көріп отырады.Ұстаздар " 12 жылдық білім беру барысында ҰБТ-ға дайындық кезінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияны пайдалану " тақырыбында аудандық ғылыми-практикалық семинар өткізіп, іс- тәжірибе таратты. Жоғары санатты ұстаз Б.Н. Бирталаева Онлайн жүйесімен сабақ өткізіп, облыс көлемінде іс- тәжірибесі тарап отыр. Жоғары санатты ұстаздар -Б.Н. Бирталаева "Кейбір сөз таптарын оқытудың әдістемелік жүйесі " әдістемелік көмекші құрал, А.О.Көбелдесова "Әсеттану" тақырыбында , И.К.Нұршаева "Танымдық лексикология таңғажайыбы" тақырыбында авторлық бағдарламалары жарық көріп, сабақ процесінде пайдаланылуда. "Қарлығаш" үйірмесінің жұмысы облыс көлемінде таратылып, биылғы жылда 20 жылдық шығармашылық кеші ұйымдастырылуда . 71