EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 70

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жаңа тәсілдер сөз етіледі. Мақала мұғалімдерге, әдіскерлерге, магистранттар мен студенттерге арналған.
Статья освещает новые методы и приемы развития функциональной грамотности учащихся. Статья будет интересна преподавателям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
An article elucidates new methods and techniques of development of learners ' functional literacy. The article will be interesting for teachers, methodists, and also for students and undergraduates of pedagogical specialties.
НАШКЕНОВА АЙГУЛЬ ХАБЫЗОВНА
Семей қаласы, " Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі " КММ мұғалімі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі таңда білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS мониторинг зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші де функционалдық сауаттылық болып табылады.
Функционалдық сауаттылық- бұл адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынас барысында оқу мен жазу дағдыларын пайдалана алу қабілеті. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануы.
Функционалды сауаттылық( functional literacy, ағылшын сөзі)- білім алу, мәдениет жетістіктерін игеру, кәсіби міндеттерді дұрыс атқару, жеке тұлғаның өмірінде қолданылатын, оның келешек дамуына қажетті білім алудың нәтижесі. Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері: 1 / Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру үшін базалық деңгей болып табылады; 2 / Тұрмыстық бағытты шешуге бағытталады; 3 / Адамды нақты жағдайлардағы тәртібіне байланысты сипатттайды; 4 / Стандартты мәселелерді шешумен байланысты; 5 / Ең алдымен ересек адамдарды бағалау үшін пайдаланылады;
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспардың басты мақсаттарының бірі- оқыту әдістемесі мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:- басқарушылық( проблеманы шешу қабілеті);- ақпараттық( өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
- коммуникативтік( үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын( шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);
- әлеуметтік( қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
- тұлғалық( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
- азаматтық( қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіпөркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);- технологиялық( ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Қазіргі дәуір жастары- жан-жақты дамыған жастар. Оқушылар бірсарынды дәстүрлі сабақтарға қарағанда жаңаша дәстүрлі емес сабақтарды ұнатады. Сондықтан қазіргі талапқа сай білім беру мұғалімнен үлкен еңбек пен ізденісті талап етеді. Біз, өз тәжірибемізге сүйене отырып, ағылшын тілі сабақтарында белсенді оқыту, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, Блум таксономиясы, топтық жұмыстар, мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.
Қандай технологияны қолдансаң да ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұны мен түрін анықтауды баланың өмірлік әлемімен, ісәрекетімен байланыстыру қажет. Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз киіміндегі, шоколад және конфет сыртындағы т. с. с. ағылшын жазуларын оқу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, шет тілін меңгерудің маңыздылығын түсіндіру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз әдеттерден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс. Осыған байланысты мұғалім түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, атааналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткіуі де тиіс. Тек сонда ғана біз ауыз толтырып айтатын жетістіктерге қол жеткізе аламыз.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында шетел тілі пән мұғалімдеріне ұсынылатыны: оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану( аудио-бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар); сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шетел тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау; оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық
68