EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 87

Ïåäàãîãèêà
¹ 2( 10) 2016
Автор мақалада оқушының тәрбиесіне қосымша білімнің әсерін қарастырған. Мақалада тәрбие, рух, әдеп түсініктері ғалымдардың ойларымен ұштастырылған, сонымен қатар, тәрбиелік іс-шаралардың түрлері берілген.
ЫСКАКОВА МАРАЛ ИСКАКОВНА
Спорттық- бос уақыт бейімдегі Жас Қанат балалар орталығының директоры
В статье рассматривается влияние дополнительного образования на воспитание детей. Автором представлены виды воспитательных работ, а также приводятся высказывания ученых о воспитании, этике и духе.
The article considers the influence of additional education on upbringing of children. The author presents the types of upbringing work. It is given the quotations of scientists about education, ethics and the spirit.
" ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ "
" Мәдениетті, өнерді түсіне білутәрбиеліктің, адамгершіліктің бір белгісі..."
Қазақстан Республикасының " Білім туралы " заңында " Қосымша білім беру-білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі " деп көрсетілген. Жас ұрпақтың жеке тұлға болып, қалыптасуы мен зияткерлік өнер және басқа да мүмкіндіктерінің еркін дамуы оны қоғам игілігіне жұмсау тәрбиеден басталатыны Қазақстан республикасының Білім және ғылым Министрінің 2009 жылдың 16 қарашасында № 521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында да аталып көрсетілген. Осы тұжырымдамада тәрбиенің басым бағыттары нақты айқындалады. Соның бірі- рухани- адамгершілік тәрбиесі- өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру- деп анықталған. Рухани- адамгершілік ұғымы жөніндегі мәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр. Рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы ұғым қоғамның рухани мәдениетінің бір көрінісі ретінде өмірдің тарихи-әлеуметтік мәнін, міндеттерін айқындайды. Біріншіден рухани сөзінің мағынасына келсек: рух, руханилық, рухани-даму, рухани-дамыған тұлға. Жеке тұлғаның саналы еңбек ететін азамат болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-бабамыз " тәні саудың-жаны сау " деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған. Адам сонымен қатар үлкен қажеттігі бар- жан. Егер өз аттарымен айтатын болсақ, жан деп отырғанымыз- рух, ал тән-нәпсі. Қазақта мынандай фразеологиялық сөз тіркестері бар: рухани бай адам, адамның рухы, рухы жоқ, рухы жоғары, ұлттық рух, рухани ұстаз, рухани байлық т. с. с. Осы сөздердің мағынасына зер сала отырып, " рух " деген сөздің( нәрсенің) адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткіземіз. Ондай рухы бойында бар адамды жақсы қасиеттері мен барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін білу қиын емес. Рухтың мекені- адамның жүрегі. Жүректің жылуы,
махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер осының барлығы рухтан туындайды. Шәкәрім: " Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді ". Руханилық-адам өмірінің керемет қырларының бірі, бірақ адамның рухани әрекетінің өзіндік бағыттылығы болады, ол адамгершілікпен анықталады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.
Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы жастарды халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеудің қажеттілігіне басты назар аударуда. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқы этникалық- рухани жағынан мыңдаған жылдық мәдениеті мен салт- дәстүрі, философиялық ойлау жүйесі, көне әдебиеті, өзінің даму тарихы бар жұрт болғанын көреміз. Сондықтан осы аталып отырған терең де құнды ұлттық мәдениетті жинақтап зерттеу- халықтық педагогиканың алдындағы үлкен бір міндет болып саналады.
" Халық педагогикасы " дегеніміз- ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт- дәстүрлері мен мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы. Осыны негізгі башылыққа ала отырып, " Жас Қанат- балалар орталығы " педагогтары рухани- адамгершілік тәрбиенің негізін қалыптастыруда ауқымды жұмыс атқаруда. Осы бағытта дәстүрге айналған аймақтық " Қыз сыны " сайысының алар орны ерекше. Оған 10-шы сынып қыздары қатысады.
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халық аузындағы " қыздың жиған жүгіндей ", " қыздың тіккен кестесіндей " деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартады. Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы түсіне білген. Олардың жасөспірім шақтағы толқыған, еліктегіш қасиеттерін ескеріп, " қырық үйден тыю " салу керектігін үнемі еске салған. Бізде осы құндылықты негізгі мақсатқа алып, осы сайысты өткізуді жөн көрдік.
1 қазан- қарттар күніне арналған мерекелікконцерттік бағдарламада 30-ға жуық тәрбиеленушілер қатысады. Бұл концерттік- бағдарламаның мақсаты: өскелең
85