Ïåäàãîãèêà
¹2 (10) 2016
Кеңестің дәуірдегі халқымыздың тарихы қызыл қанмен жазылғандығы даусыз "Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама"
кезеңінен кейін халықтың үштен екі бөлігі қырылып кетті.
Ал енді бүгінгі мақсатымыз тек Кеңес өкіметін жамандап, даттау емес. Осы орайда Мұзафар ағамыздың "Тарих
жазушылардың қатесінің өзі де тарих" деген сөзін басшылыққа ала отырып, осы өткен тарихтың жақсысынан
үйреніп, жаманынан жиреніп болашаққа сабақ алу болатын.
Кеңес өкіметі жүргізген саясатты академик М. Қозыбаев талдай келе "Патша жасап үлгермеген отаршылдықтың
сорақысын кеңес империясы жасады". Кеңестік отарлық большевиктік жүргізген саясат отаршылдықтың шыңы
болды. Міне, осындай ащы тарихи шындықты еліміздің әрбір азаматы білуі керек.
Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты тарих ғылымы таптық идеология бұғауынан босап, өткенімізді
мұқият шындық тұрғысынан зерттеп зерделеуге мүмкіндік алып отыр. Осы орайда Ұлы Әл - Фараби бабамыздың
"әке баласы үшін қандай жауапты болса, әр халық өз тарихының алдында сондай жауапты", деген сөзін басшылыққа
ала отырып. Қазақ халқының Кеңестік кезеңдегі тарихи ақиқатын таразылап көрейік. Кеңестік кезеңде халқымыз
бас кешкен оқиғаларды саралағанда халқымыздың тарихында орны толмайтын терең іс жатыр.
Рефлексия Өмір ағашына оқушы өзінің сабақтан алған әсерін стикерге жазып,талға апарып жапсырады.
Үйге тапсырма беру. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тақырыбын оқып келу. Шығармашылық
тапсырма "Мың өліп, мың тірілген қазағым", "Отанына оралған қандастар" тақырыптарына эссе жазып келу,
презентация жасау.
Қосымша әдебиеттері: Көкіш Рысбайұлы "Қазақстан Республикасының тарихы". Алматы, 1999ж., Т. Омарбеков
"ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері." А - 2001ж. Қосымша газет - журналдар: Ақиқат 1993ж.
Сәуір "Қарақұмдағы қарулы қарсылық", "Балқаштағы бас көтеру"
71