EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 82

¹1 (9) 2016 теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге. Әсемдікке, ептілікке, ұқыптылықа дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу. "Шашақ" "Көрпеше" 8. Табиғи материалмен жұмыс. Техникалық мәліметтер. Табиғи материалдардың түрлері, ерекшелігі. Жазық және көлемді материалдар. Шығармашылық тапсырма түрлері. Мақсаты: Дәндер мен жапырақтардың оңай түрінен аппликацияны жапсырмалауды үйрету, үлгі бойынша жұмыс істеу,жұмысқа деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны қандай бөлімдерден тұрады? 1. Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары? 2. Тұрмыстық еңбеқ негіздері? 3. Қағаз пластикасы. 4. Қағаздың түрлері? 5. Оригами қағаздың өнделу тарихы? 6. Қатырма қағаздың негізгі түрлері? 7. Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады? 8. Жапсырмалаудың түрлері? 9. Түрлі-түсті қағаздан қандай үйлестіру істеуге болад ы? 80 “Êîñàëêû ìåêòåï-èíòåðíàò" ÊÌÌ 10. Үйлестіру қандай пішіндерден құралған? 11. Папье-маше технологиясы. 12. Әр түрлі заттармен жұмыс істеу (пластмасса, фанера, күйдіру әдісі).(Бросовый материал). 13. Бисермен жұмыс? 14. Ұсақ моншақтан панно дайындау технологиясы? 15. Коллаждың жасау техникасы? 16. Қол өнер. Тоқыма. 17. Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері? 18. Мүсіннің қандай түрлері бар. 19. Табиғи материалмен жұмыс. Бастауыш сыныптардағы еңбекке үйрету сабақтарын үйымдастыру. Сабақ еңбекке үйрету оқу тәрбие барысын үйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі сабаққа талаптар. Еңбекке үйрету сабақтарының тақырыбы, құрылымы, өзіндігі (балалар ұжымын үйымдастыру, жаңа материалды түсіндірү (нұсқама), тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс), орындалған жұмысты талдау және бағалау). Еңбекке үйретуде сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері, мазмұны, үйымдастырылуы. Жұмыстың түрлері, олардың ерекшеліктері басқа пәндермен өзара байланысы. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Мектептің бастауыш деңгейінде еңбекке баулудың басты мақсаты - оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру. Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды: еңбекке баулуда оқушылар жұмыс орнында материалдар мен құралдарды дұрыс орналастырып қоя білуге үйрету; жұмыста қолданылатьш материалдарды үнемді жасауға үйрету; әртүрлі бұйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамын қалыптастыру, оларды құастыруға жөне безендіруге үйрету; сәнді-қолданбалы қолөнер туралы түсінік қалыптастыру. Айналадағы заттар туралы, материалдар мен жабдықтар туралы білім алуын жалғастыру барысында олардың материал тануға деген ынтасы артады, өзінің ойын, айналадағы дүниеден алған әсерлерін бейнелеу, безендіру арқылы беруге ұмтылысымен сабақтастықта іске асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде оқытып үйретудің маңызды міндеттерінің бірі ырғақ, симметрия, түстерді ескере отырып, ою-өрнек композициясын құруды білу біліктілігін дамыту болып табылады. Келесі маңызды міндеті - әр түрлі көркемдік материалдармен шығармашылық жұмыс жасаудың технологиялық білім, білік, дағдыларын және ойын практикалық іске асырудың негізі ретіндегі техник алық орындау тәсілдерін меңгерту. Бастауыш сынып оқушылары қоршаған орта болмысындағы адамдардың, заттардың, үйлердің әшекейлеуін, безендіруін байқайды, көреді, құрылыстағы құру мен бейнелеуді олардың бір заттың айналасында бір-бірімен біріккен түрін көріп, көңіліне тоқиды. Мектепте алған білімін өмірде қолдана білу қабілетімен бірге байланыстырмаған білімнің мәні жоқ. Өнер мен өмірді байланыстырып тәрбиелеу - тәрбишінің міндеті. "Еңбекке баулу" пәндерінің мазмұнын біріктіріп тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өнер түрлерін, оларға тән жалпы заңдылықтарды, ұғымдарды да тұтастықта қарастырады: Мәдениеттану: эстетикалық, эстетикалық талғам, өлшем, үйлесімділік, салыстыру, бөлшектер және тұтастық. Техникалық: бір бөлшектік және көп бөлшектік бұйымдар, материал, құрал-саймандар, заттың бөлігі, үлгі (шаблон); бөлшектерді белгілеу, қайшымен қию, бөлшектерді (желіммен) біріктіру, өңдеу, тігістер. Көркемдік-бейнелеу: бейнелеу материалы, құрал, сызық, жағылым, түс, симметрия, сурет, ою, орнек, жазықтық және көлемдік бейнелеу, рельеф, мозаика.