EURASIAN EDUCATION №1 2016 | Page 125

ÊÃÓ “Âñïîìîãàòåëüíàÿ øêîëà-èíòåðíàò” ҚҰРМЕТТІ ¹1 (9) 2016 ӘРІПТЕСТЕР! "ERUDIT" білім беру-ғылыми орталығы ғалымдар мен педагогтерден "Еуразия білімі. Eurasian educa- tion. Евразийское образование" халықаралық ғылыми-әдістемелік журналына (Қазақстан Республикасының инвестициялар мен экономикалық даму министрлігі берген мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы №14770-Ж куәлігі) жариялауға жұмыстар қабылдауды жалғастырады. Мерзімді баспасөз басылымы айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Журнал жарияланымдарының тақырыптық бағыттары - ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, ақпараттық-жарнамалық (білім беру мекемелері үшін). Журналдың таралу аймағы - Қазақстан Республикасы, ТМД елдері, таяу және алыс шет елдері. Журналға Қазақстан, Евразиялық экономикалық қауымдастық елдері, ТМД, Грузия, Украина, Түркия, Қытай және Евроодақ елдері ғалымдарының, ізденушілердің, докторанттардың, магистранттардың, мұғалімдер мен оқытушылардың, әдіскерлердің, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері, мақалалары, сабақ жоспарлары, ғылыми жобалары және басқа да ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланады. Журналға жариялауға келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу еңбектері, очерктер мен әдістемелік жұмыстар, сабақ жоспарлары қабылданады: Жаратылыстану ғылымдары; Гуманитарлық ғылымдар; Әлеуметтік ғылымдар; Техникалық ғылымдар; Экономикалық ғылымдар; Педагогикалық ғылымдар; Білім беру мәселелері. Бір автордан журналдың бір санына екі жұмыстан артық қабылданбайды. Ұжымдық авторлықта жазылған жұмыстар жеке жұмыстармен қатар қабылданады. Бір жұмыстың авторларының саны 5-тен аспауы тиіс. ЖУРНАЛДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Жұмыс мәтіні 2 беттен кем болмауы тиіс және 10 (он) беттен аспауы керек, жол арасы 1,0 интервалымен Microsoft Word редакторында, жиектері - сол жағынан 3 см, жоғары және төменгі жағынан 2 см, оң жағынан 1,5 см болатын А4 форматындағы стандартты бетте Times New Roman қарпімен 14-ші шрифтпен терілуі керек, жұмыстың әрбір абзацы жаңа жолдан 1 см шегініспен жазылады. Жол ортасынан автор(лар)-дың тегі, аты-жөні (толығымен) қою шрифтпен жазылады. Келесі жолға автордың жұмыс (оқу) орнының толық атауы мен лауазымы, ғылыми атақ- дәрежесі жазылады. Бұдан соң жол ортасынан мақала тақырыбы қою шрифтпен жазылады. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан мақала мәтіні жазылады, пайдаланылған әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілген тәртібіне сәйкес, мақаланың соңында жазылады. Мәтінде сілтеме берілген әдебиеттер тік жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сә